Әкімдер есебі

Су құбыры тартылып, электр жарығы барады

Алға қаласының әкімі Нұрбол Сурбаевтың  тұрғындар алдындағы кезекті есептік жиналысы №3 Алға қазақ орта мектебінде болып өтті.

Мемлекеттік бағдарламалардың жүйелі жүзеге асуымен, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің тұрақты өсуімен сипатталған өткен жыл Алға қаласы үшін табысты болды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, абаттандыру және санитарлық тазалау, бiлiм мен денсаулық сақтау сынды көптеген салаларда атқарылған ауқымды істер, мағыналы шаралар мен жиындардың нәтижесі осы есептік кездесуде сараланды.

Жиынға Алға ауданы әкімінің орынбасары Г.Ахметова, коммуналдық және әлеуметтік сала басшылары қатысып, жұмыла көтерген жүктің нәтижелілігін тағы бір көрсетті. Қала халқы атынан ақсақалдар есептік баяндамаға  оң бағаларын беріп, тұрғындарымыз бірнеше мәселелер бойынша сұрақтар қойды. Атап айтқанда, ардагерлерімізді санаторлық шипажайларға жіберу, Есет батыр көшесінің орташа жөндеуін жалғастыру және мектеп базасында балаларды конькимен қамтамасыз ету мәселелері бойынша тұшымды жауаптар беріліп, өз шешімін табуға тиісті мекемелерге ұсыныстар енгізілді.

Жергілікті билік пен тұрғындар арасында өрбіген жиынның мақсаты да әр істің орайын бірге талқылап нәтижеге қол жеткізу болмақ. Сондықтан қала басшысы Подхоз елді мекенінде мекеме басшылары және «СпецСтрой», «Т.СтройПроект» ЖШС өкiлдерiнiң қатысуымен жиын өткізді. Облыстық бюджеттен бөлiнген қаражатқа «Подхоз» елдi мекенiне ауызсу және электр жарығын тартуға жобалық-сметалық құжаттама даярлау жұмыстарының басталуына байланысты, жобалау барысында бiрнеше мәселелерi қамтылды. Атап айтқанда, су желiлерiнiң әрбiр абонентке толық баруын, су құбырларының қуаттылығын тиiстi елдi мекеннiң перспективалық өсiмiн есепке ала отырып жоспарлау шешімін күткен шаруалар. Сонымен қатар электр желiлерiн жоспарлау кезiнде арнайы трансформатордың орнатылуын, әр абонентке жекелей түрде электр тоғын жеткiзу, көшелердi жарықтандыру, әр жарықшамға автоматты режимде жұмыс жасайтын қондырғылар орнату жөнінде тиісті мекемелерге тапсырмалар бердi.

 Шара ЕЛЕУСІЗ,

Алға қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button