Спорт

Шаңғышылар сынға түсті

Жуырда аудан әкімдігінің ғимараты алаңында шаңғы фестивалі ұйымдастырылды. Оған 9-17 жас аралығындағы жасөспірімдер мен 18-29 жас аралығындағы жастар, сондай-ақ жасы 50-ден жоғары тұрғындар қатысты.

Спорттық шарада аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұржан Әшімов жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Далалықта жиналған спорт сүйер жастар ауа райының қолайсыздығына қарамастан 3 шақырымға шаңғы теуіп, жарысты.

Жарыстың нәтижесі бойынша жасы 50-ден жоғары жастағы шаңғышылар арасында Нұрпейіс Бекқалиев алда келіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Ал 18-23 жас аралығында жастар арасында І орынды Әсет Нығметов жеңіп алса, 21-29 жас аралығында жастар арасында І орынды Ерлан Құрамысов иеленді.

Сондай-ақ жасөспірімдер арасында Данил Клёков жеңімпаз деп танылды.

Жарыста жас айырмашылығына байланысты ер балалар мен қыз балалар арасында шаңғыдан өзара жарыс өткізілді. Нәтижесінде 9-10, 11-13 және 14-15 жас аралығындағы оқушылар жүлделерді өзара бөлісті.

Шолпан Қалиева,

Мәртөк ауданы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button