Жаңалықтар

Қар шығару жұмыстары қарқын алды

Ақтөбеде қар тазалау жұмыстары қарқын алды. Бүгінгі күні облыс орталығындағы көше жолдарын қардан тазарту үшін 11 мердігер мекеменің жұмысшылары екі ауысымда жұмыс жасап жатыр.

Мамандардың айтуынша, қар тазарту және оны шығару жұмыстары арнайы техникалардың әсерінен көлік кептелісін болдырмас үшін негізінен түнгі мезгілде жүргізіледі.

Бүгінгі күні қала көшелерін қардан тазарту жұмыстарына 220-ға жуық арнайы техника, оның ішінде автогрейдерлер мен МТЗ-80, К-700 және басқа да заманауи техникалар жұмылдырылған. Қарды тазартып қана қоймай, жылдағы әдіспен көктайғақтың алдын алу үшін жабдықтар сатып алу жұмыстар да ойластырылыпты. Қазіргі күні 500 тонна тұз бен 1000 тоннаға жуық құм дайын тұр.

Қазір қала көшелеріне жиналған қар екі полигонға тасылып жатыр. Оның бірі Ақжар-2 ауданы маңындағы, ал екіншісі қала шетіндегі қатты тұрмыстық қалдықтар шығаратын полигонға тасылуда.

Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі берген мәліметке сәйкес, қазір Ақтөбедегі 600-ге тарта көше қардан тазартылуда. Оның ішінде қала аумағындағы айналма жолдар мен бұрынғы Қурайлы, Жаңақоныс, Сазды, Қарғалы және Благодарный селолық округтеріне барар бағыттарды қардан тазартуға ерекше назар аударылып отыр. Себебі тұрғындардың қатынасы мен көлік қозғалысына кедергі келмеуі тиіс.

Бір айта кетерлік жайт, қала тұрғындары қар тазалау, мұз жару сияқты жұмыстарға қатысты ұсыныс-шағымдарын 41-67-65 байланыс телефондарына хабарлай алады.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button