Ақтөбе — 150

Тарихыңды таны

«Анаға тағзым» рухани-адамгершілікке тәрбиелеу орталығында Ақтөбе қаласының 150 жылдығын мерекелеу аясында «Тарихы терең, өндірісті, өнерлі Ақтөбем» атты жылжымалы тақырыптық кітап көрмесінің тұсаукесері өтті.

Қалалық кітапханалардың ұйымдастыруымен бастау алған көрме жыл бойы жалғасады.

— Көрмені ұйымдастырудағы негізгі мақсатымыз — оқырмандар мен қала тұрғындарын туған өлкеміздің тарихымен таныстыра отырып, жас буынның кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Жылжымалы тақырыптық көрмеде Ақтөбенің құрылған күнінен бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихы жасақталған. Көрме залына қаланың фотосуреттері мен түрлі кітаптар, ақтөбелік ақын-жазушылардың шығармаларын қойып отырмыз. Әрбір келушіге біздің мамандар қаланың тарихы туралы, ең бірінші, қойылған көше атаулары, сондай-ақ қаладағы ең көне ғимараттардың тарихы туралы сыр шертетін болады, — дейді қалалық тілдерді дамыту және мәдениет бөлімінің жетекші маманы Базаргүл Ғұбайдоллақызы.

Айта кетейік, көрме өз келушілерін бір ай бойы Батыс-2 ауданында бой көтерген «Анаға тағзым» рухани-адамгершілікке тәрбиелеу орталығында күн сайын сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін қабылдайды. Кейін ұйымдастырушылар көрме  жұмысын халық көп шоғырланған «Керуен сити» сауда, ойын-сауық орталығы, «Сапар» автовокзалы секілді жерлерде жалғастыруды жоспарлап отыр.

 Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button