Әкімдер есебі

2018 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе қаласының Астана және Алматы аудандарының есепті кездесулерін өткізу туралы

Қала әкімінің аппараты хабарлайды

Ақтөбе қаласының тұрғындарының назарына

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Ақтөбе қаласының аудандары әкімдерінің есепті кездесулері болады.

Ақтөбе қаласының Астана, Алматы аудандары әкімдерінің есепті кездесулерінің кестесін және ұсыныстар мен сын-ескертпелер жинау үшін орнатылған жәшіктер тізбесін жариялаймыз.

Сонымен қатар Ақтөбе қаласының Астана, Алматы аудандары әкімдерінің есепті баяндамаларының тезистері қалалық әкімдіктің ресми сайтында жарияланады.

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ АСТАНА АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ БАҒЖАН ТІЛЕГЕНОВТІҢ 2018 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ

 «Ақтөбе қаласының Астана ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 2 мамырдағы №2510 қаулысының негізінде құрылды.

Астана ауданының жалпы ауданы 0,9 мың шаршы шақырымды құрайды. Әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштерге сәйкес, ауданның халық саны — 262 200 адам.

Астана ауданы құрылғаннан бері халықпен 15 кездесу өткізіліп, онда 148 мәселе қойылды, казіргі таңда 97 мәселе шешіліп, 51 мәселені шешу қаражатты талап етеді. Оның ішінде басым бөлігі — халықты инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелері.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Астана ауданы аумағында 1252 көппәтерлі үй орналасқан, оның ішінде 11 үй апаттық жағдайда, 257 үйде 659 лифт бар (98 лифтіге жөндеу жұмыстары қажет, 5-еуі ауыстырылды) және 510 аула бар. Бұл үйлерде 96 жеке пәтерлер иелері кооператив және 372 кондоминум жұмыс істейді.

Жылу беру маусымының дайындық барысында қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімімен бірлесе отырып, жылу беруге дайын емес 11 көп қабатты үй тұрғындарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, аталған үйлерге ПИК бекітіліп, жылыту маусымына уақтылы қосылды.

Жыл басынан бері коммерциялық қаражат көздерінен 163,1 мың шаршы метр (2138 пәтер) үй құрылысы пайдалануға берілді.

Астана аумағында ұзындығы 170,4 шақырым жылу трассалары және 581,8 шақырым су құбырлары орналасқан.

Аудан бойынша 18219 құдық бар, оның ішінде жылыту жүйесі — 1769, кәріз желісінің құдығы — 6733, су желісі — 5332, 861 өрт гидранттары және басқалары 4385 құдық. Құдық люктерін ұрлау фактілері жиілеп кетуіне байланысты аудандық әкімдік, құқық қорғау органдары және коммуналдық қызметтер өкілдерінен жұмыс тобы құрылды, онда рейдтік іс-шаралар барысында Астана ауданының аумағы бойынша талаптарға сәйкес келмейтін 250 люк пен құдық табылды. Қазіргі уақытта 250 құдықтың 216-сы сәйкестендірілді, ал қалған 34-і бойынша (жеке тұлғалар — 27, «Қазақтелеком» АҚ — 4, ТКШ — 1, ДП -1, иесі анықталмағаны-1) нормалар мен ережелерге сәйкес келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі уақытта аудан аумағында 118 көше жарықтандырылған, онда 5237 бағана, 853 торшерлер бар, кабель желілерінің жалпы ұзындығы 180220 шақырым құрайды. 2018 жылы 8 көшеге 375  бағана және 227 торшерлер орнатылып, 10 көшеде 398  көне шам заманауи шамдарға ауыстырылды.

2019 жылы 11 және 12, Батыс-2 шағын аудандарында   және Ә.Молдағұлова даңғылында жалпы сомасы 316 миллион 670 мың теңгеге тағы да 158 көше жарықтандыру тіректері мен торшерлер орнатылуы жоспарлануда.

Қазіргі уақытта аудан аумағында 63 көшеде 25857 метр болатын суағарлар бар. Қосымша 74 көшені суағарлармен қамтамасыз ету қажет.

Жол-көлік инфрақұрылымы

Астана ауданының аумағында ұзындығы 295 062 метр болатын 324 көше бар, (асфальт-бетон жамылғысы — 154 187 метр, қиыршық тас жамылғысы — 20 293 метр, топырақ жамылғысы — 120 582 метр), оның 146791 метрі қанағаттанарлықсыз жағдайда. 2018 жылы аудан аумағында 11609 шаршы метр құрайтын 6 көшенің тасжолына күрделі және орта жөндеу жұмыстары, 25059 шаршы метр тасжолына ағымдағы шұңқырларды жөндеу жұмыстары, 19220 шаршы метр құрайтын қиыршық тас жамылғысын салу жұмыстары жүргізілді.

Аудан бойынша 244 аялдама бар, 2018 жылы 10 аялдама орнатылды, қосымша 17 аялдама орнату қажет.

Астана ауданы аумағының санитарлық жағдайын қамтамасыз ету мақсатында аудан аумағында күнделікті 2 қоқыс шығару мекемесі жұмыс істейді, оларда 23 арнайы техника, 4 тиегіш көлігі және 19 самосвал бар. 11 басқару компаниясында 182 адам, 25 бірлік техника жұмыс істейді.  Аудан бойынша 332 қоқыс жинайтын алаң және 2321 контейнер бар, оның ішінде 101 евроконтейнер, 2018 жылы 80 евро және 300 контейнер орнатылып, 47 қоқыс жинайтын алаң жаңартылып салынды.

2019 жылы Батыс-2 шағын ауданында қоқыстарды жер астында жинау және сақтау технологиясы бар қоқыс контейнерлерін қондыру жоспарлануда.

2018 жылы жоғарыда аталған жұмыстарды өткізу барысында ауданда                      12 сенбілік және «Таза бейсенбі» күндері өткізіліп, барлығы 31 мыңнан астам адам қатысты, 123 арнаулы техника жұмылдырылып, акция аясында қала тұрғындарынан қалалық қоқыс полигонына 200 тонна қоқыс қабылданды. Күзгі мезгілде Батыс-2 шағын ауданында, Ә.Молдағұлова, Бөкенбай батыр даңғылдарында, 5-шағын ауданда 5200 көшет отырғызылды.

Жалпы аудан аумағында 182 балалар алаңы бар. «Туған жер туған ауылдан басталады» бағдарламасы аясында 2018 жылы аудан аумағында 55 аула ойын алаңы жабдықталып, 20 спорт алаңы салынды.

Аудан аумағында белсенді қалпына келтіру және жаңа демалыс аймақтарын құру жалғасуда. Бүгінгі күні ауданда 56 сквер мен саябақтар бар. Барлық 56 сквер мен саябақтардың жалпы ауданы 1,3 миллион шаршы метрден асады.

2018 жылдың қыркүйек айында «Арбат» жаяу жүргіншілер аймағы ашылды, оның ұзындығы 1,2 шақырым құрайды. Қала тұрғындары мен туристердің демалуына арналған жайлы бұрыштары, суретшілер аллеясы бар. Жаяу жүргіншілер аймағының жанында велосипед жолы қарастырылған, орындықтар мен жарықтандыру орнатылған. Сонымен қатар «Арбат» аумағында субұрқақ салынды.

2018 жылдың қазан айында «Астана» саябағы ашылды. «Астана» саябағы Орталық саябақтың ортасында орналасқан, саябақтың оңтүстік бөлігі Әбілқайыр хан даңғылына жанасады, шығыс жағынан «Нұр Ғасыр» мешітімен, батыс жағынан Неке сарайы аумағымен шектеседі. Саябақтың ұзындығы — 250 метр. «Астана» саябағы үлкен жасыл парк кешенінің интегралдық бөлігі болып табылады. 2019 жылы Ақтөбе қаласында Ә.Молдағұлова даңғылы мен Сәңкібай батыр даңғылының қиылысында әуе училищесі ауданында орналасатын «Авиапарк» құрылысы жоспарлануда.

Кәсіпкерлікті дамыту

Астана ауданы бойынша кәсіпкерлікпен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың саны — 32,8 мың (ЖШС — 11,4 мың, ЖК — 21,4 мың).

Астана ауданы аумағында шағын және орта бизнес бойынша 2018 жылы 567 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін, 7621 миллион теңгені құрайтын 29 жоба жүзеге асырылды. Жалпы 2018 жылы аудан аумағында жан-жақты үлкен инвестициялық жобалар іске асырылды, Қазпошта «Батыс» логистикалық  орталығы жабдықталып, ірі пошта хабы ашылды. Оған Қытай, ТМД және басқа елдерден келетін сәлемдемелер мен жөнелтілетін жергілікті жөнелтілімдер уақытында жеткізілетін болады. Егер бұрын Ақтөбеде күніне 6000-ға жуық жөнелтілімдер өңделсе, логистикалық орталықтың ашылуы нәтижесінде өңделген пошта көлемі тәулігіне 20 мыңға дейін жетеді.

2018 жылдың қараша айында «Food Solution KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ерекше жобасы «McDonalds» (қоғамдық тез тамақтану орталығы) қала халқына өз қызметін ұсынды. Мейрамхана көлік жүргізушілеріне машинадан шықпай қажет тағамдарды сатып алу үшін McDrive жүйесімен жабдықталған.

Аудан аумағында алғаш рет жаңа форматтағы цифрлық Dental Pro стоматологиялық клиникасы ашылды. Жоба құны — 90 миллион теңге, 10 жаңа жұмыс орны ашылды.

2019 жылы жоспар бойынша аудан аумағында 1137 жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Ірі жобалардың бірі — «IBIS» бренді бар үш жұлдызды қонақүй құрылысы — 2800 миллион теңге, 150 жұмыс орны ашылатын болады.

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында

2018 жылы Астана ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен әр сенбі сайын «Алтай», Батыс-2, 12-шағын аудандарында және «Әлия» сауда үйінің алдында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері өткізілді. Жалпы 2018 жылы 32 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 275 миллион  теңгеге өнімдер сатылды.

Қала әкімдігінің 2018 жылғы 11 маусымдағы қаулысына сәйкес, шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету мақсатында, Астана ауданы аумағы бойынша 53 сауда орны белгіленіп, маусымдық саудаларын жүргізді. Аталған сауда объектілерінде жергілікті тауар өндірушілер қызмет көрсетуде.

Жұмыспен қамту

 2018 жылы аудан әкімдігі жұмыспен  қамту орталығымен бірлесіп, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша жұмыстар атқарды.

Бірінші бағыт бойынша:

— қысқа мерзімді кәсіптік даярлауға: еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша қайта даярлау курсына Астана ауданы бойынша 480 адам жіберілді (қала бойынша — 938 адам), 403 адам оқуды аяқтап, оның ішінде  273-і жұмысқа орналасты.

Сонымен бірге 1 қыркүйектен бастап техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша (ТИПО) 204 адам оқыды.

Екінші бағыты бойынша:

Кәсіпкерлер 629,5 миллион теңге көлемінде несие алды.

Бизнес-бастау бағдарламасы бойынша:

67 адам оқуды аяқтады. Оқуды аяқтаған 21 адам жаңадан өз ісін бастау мақсатында өз бизнес жобаларын қорғап шықты. Бүгінгі күнге оның ішінен 11 адам 100 айлық есептік көрсеткішке дейін мемлекеттік грант алуға ниет білдіріп, комиссия шешіміне сәйкес 5 адамға грант беру бекітілді.

10 адам бағдарлама аясында ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 6 млн теге көлемінде шағын несие алуға ниет білдірді.

Үшінші бағыты бойынша:

Астана ауданы бойынша 147 адам әлеуметтік жұмыс орнына жолданды, 88-і аяқтап, оның ішінде 47 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Жастар тәжірибесіне 417 жас жолданды. Астана ауданы бойынша 155 адам жастар тәжірибесін аяқтап, соның ішінде 103-і жұмысқа орналасты. Ал қалған 262 адам жастар тәжірибесін 2019 жылы келісімшарт негізінде жалғастыруда.

Бос орындар жәрмеңкесі:

2018 жылы Астана ауданында 5 кезекті және 2 мамандандырылған жәрмеңке өткізіліп, 882 адам жұмысқа орналасты. Оған қоса қараша айында «Жас жерлестер» форумы қарсаңыңда арнайы жастарға бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді, шараға барлығы 45 мекеме қатысып, 343 бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге барлығы 276 жұмыссыз жас қатысып, оның ішінде 98 қатысушыға жолдама берілді.

2019 жылдың 1 қаңтарына жұмыспен қамту орталығында Астана ауданы бойынша 895 жұмыссыз азамат тіркелген, оның ішінде жастар тәжірибесінде — 314 адам, қысқа мерзімді курстар — 130 адам, әлеуметтік жұмыс орындары — 100 адам, шағын несие алуға — 39 адам, қоғамдық жұмыстарда — 210 адам, жұмыспен қамту орталығы тарапынан көрсетілетін жұмыссыз ретінде тіркелген, лайықты жұмыс таңдауға жәрдемдесу — 102 адам.

 Әлеуметтік сала

 Астана ауданының әкімшілік аумағында 41 мектеп, оның ішінде 3 ауысымдық 3 мектеп бар ( №№56, 12, 58 мектептер),  30 мемлекеттік және 41 жеке (мемлекеттік тапсырысы бар) балабақша, 4 сенімгерлік басқаруда, 5 жеке балабақша (мемлекеттік тапсырысы жоқ) бар. 9 облыстық және 2 қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері, 21 жеке спорт кешені, 4 жоғары оқу орны, 17 колледж, 4 Мәдениет үйі, 6 кітапхана, 12 мектептен тыс ұйым, 2 аула клубы қызмет етеді.

 Ауыл шаруашылығы

 Ақтөбе қаласының Астана ауданы бойынша 39 874 гектар ауыл шаруашылығы жерлері бар, оның ішінде егістік — 5 019 гектар, шабындық — 2 346 гектар, жайылымдық — 27 769 гектар, тыңайған жерлер — 4 740 гектар. Бүгінгі күні жалпы аудан бойынша ауыл шаруашылығы құрылымдарының саны – 54.

2018 жылы Астана ауданы бойынша барлығы 9 936 гектар егіс алқабына егін егілді, өткен жылмен салыстырғанда (2017 жылы 7 754 гектар) 128,1 пайызға немесе 2 182 гектарға артық егілді. Оның ішінде: 1 920 гектар дәнді дақылдар, 5 932 гектар мал азығы дақылдары, 2000 гектар майлы дақылдар, картоп — 17 гектар, көкөніс — 40 гектар, бақша дақылдары — 27 гектар. Дәнді дақылдар бойынша орташа түсім гектарына 10,1 центнер құрады.  17 гектар алқаптан картоп жиналды, орташа түсімі гектарына 163,5 центнер, 277,9 тонна картоп өнімі алынды. Көкөніс дақылдары 40 гектар алқаптан жиналды, орташа түсімі гектарына — 139,9 центнер, 559,6 тонна көкөніс өнімі алынды. Бақша дақылдары: 27 гектар алқапта егіліп, толықтай жиналды, орташа түсімі гектарына — 130,7 центнер, 352,8 тонна бақша өнімі алынды.

Қолданыстағы суармалы жер алқабы үстіміздегі жылы 226 гектарға жеткізілді. Оның ішінде картоп — 17 гектар, көкөніс — 40 гектар, бақша — 27 гектар, мал азығы дақылдары — 135 гектар. Қала әкімінің аймақта жаңа суармалы жерлерді айналымға тарту туралы тапсырмасына сәйкес, 2018 жылы суармалы жерлердің көлемін Еуропалық қайта құру және даму (ЕБРР) банкісінің суармалы жерлерді қалпына келтіру жобасы негізінде, Ақтөбе қаласының Астана ауданы бойынша жобалық-сметалық құжаттары дайындалған «Темір Тұлпар Батыс» ЖШС 1100 гектар суармалы жерлерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.

2018 жылы Астана ауданында «Әмір Агро» шаруа қожалығы ағымдағы жылы 2,0 гектар алқапта жылыжай кешенін және «Максим» шаруа қожалығы 0,15 гектар алқапта жылыжай кешенін іске қосты. Аталған жылыжайларда қияр, қызанақ өсіріледі. 2018 жылы барлығы 27,0 тонна қияр өнімі жиналды.

Мал шаруашылығы. «Астана» ауданына қарасты елді мекендерде мал шаруашылығы бойынша 3967  мүйізді ірі қара, 619  жылқы, 7209  ұсақ мал, 60  түйе, 615 шошқа бар.

Әрдайым байланыста

Тұрғындармен байланыс орнату және Астана ауданы әкімі аппаратының жұмысы мен іс-шаралардың өткізілуі жөнінде ақпарат тарату мақсатында http://astana.akt.gov.kz ресми интернет ресурсы, Instagram, фэйсбук әлеуметтік желілерінде ресми парақшаларында тұрақты түрде ақпарат жаңартылып, тұрғындардан түскен сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныстар қарастырылуда.

Ақтөбе қаласының Астана ауданы әкімі Б.Н.Тілегеновтің

2018 жылдың қорытындысы бойынша есепті кездесулерінің

КЕСТЕСІ

Өткізу күні

мен уақыты

Өткізу орны
1. 21.01.2019

(дүйсенбі)

сағат 15.00

Халық алдындағы есептік кездесуі

 

Қалалық  оқушылар сарайы

2. 22.01.2019

(сейсенбі)

сағат 15.00

Сазды ауылының тұрғындарымен есептік кездесуі

 

№66 орта мектеп

3. 23.01.2019

(сәрсенбі)

сағат 15.00

Халық алдындағы есептік кездесуі

 

№40 орта мектеп

4. 24.01.2019

(бейсенбі)

сағат 15.00

Жаңақоныс, Құрашасай ауылының тұрғындарымен есептік кездесуі

№69 орта мектеп

5. 25.01.2019

(жұма)

сағат 15.00

Халық алдындағы есептік кездесуі

 

№72 орта мектеп

6.  

4.02.2019 (дүйсенбі)

сағ. 15.00

Халық алдындағы есептік кездесуі

 

Шығармашылық академиясы, Батыс-2 шағын.ауданы.,24Г

 Құрметті ақтөбеліктер!

Ақтөбе қаласының Астана ауданы өз ұсыныстарыңыз бен сауалдарыңызды 41-73-17 қызу желі телефоны арқылы беруге, Astanaaudany.akimat@mail.ru электронды поштасы арқылы немесе Astana_audany_akimdigi  Instagram-ға (direct) жолдауға,  сондай-ақ төмендегі орындарда арнайы қойылған жәшіктерді пайдалануға болады.

1 Ақтөбе қаласының Астана ауданы әкімдігінің ғимараты Сәңкібай батыр даңғылы, 145 Б;
2 Қалалық оқушылар сарайы

 

Әбілқайыр хан даңғылы, 50
3 №66 орта мектебі

 

Сазды ауылы, 170А учаскесі
4 №72 орта мектебі

 

Бөкенбай батыр көшесі, 46

 Ақтөбе қаласы Алматы ауданының әкімі Алмаз Әлімбаевтың

2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму туралы есебі

Өткен жылдың наурыз айында Ақтөбе облысы әкімдігі және облыстық мәслихаттың шешімімен Ақтөбе қаласында Астана және Алматы аудандары құрылды. Аудандар шекарасы теміржолдың бойымен өтеді, Алматы ауданының аумағына бұрынғы Благодар, Қарғалы, Қурайлы 3 ауылдық округтерінің аумағы және қаланың ескі бөлігі кіреді. Тұрғындарының саны – 219 504 адам, аудан аумағы 175 187 гектарды құрайды. Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты 2018 жылдың 29 мамырында өз жұмысын бастап кетті, аппаратта 6 бөлім жұмыс істейді.                       2018 жылы жеке және заңды тұлғалардан 127 арыз-шағым түсіп қаралды, тұрғындармен 20-дан астам кездесу өткізілді, нәтижесінде тиісті жоспарлар құрылып, абаттандыру, инфрақұрылымдық және басқа да жұмыстар жүргізілді.

 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы

Ақтөбе қаласының Алматы ауданы бойынша барлығы ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға 72,6 мың шаршы метр тұрғын үйлер немесе 1 209 пәтер беріледі.

Аудан тазалығына жауапты 9 басқарушы компания қызмет етеді. Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға жауапты 2 оператор — «Коквест» ЖШС және №27 басқарушы компания бар.

2018 жылы Ақтөбе қаласының Алматы ауданы бойынша 10 автокөлік жолы күрделі жөндеуден өтті, оның ішінде: 3 бұрынғы жылдан қалған (олар: М.Өтемісов, Н.Байғанин, Құлымбетов көшелері (ағымдағы), Нариманов (ағымдағы жөндеу), Қарасай батыр, Гарнизонная, Т.Ахтанов көшелері, «Қарғалы» тұрғын алабы №1-1А,№3-№4, Родников трассасы, «Әсем» лагеріне дейін.)

Сонымен қатар, аудан бойынша 7 жолға қиыршық тас төселінді: (олар: К.Нокин ауылындағы Кемеңгер, Аманат, Клубная көшелері, Қызылжар, Ясный ауылдары, Заречный-3 тұрғын алабы және «Сарбаз» бау-бақша ұжымы.)

Алматы ауданы бойынша салынған жаяу жүргіншілер жолы 30 397 шаршы метр құрайды.

Көшелерді жарықтандыру бойынша: 263 көше шамдары  алмастырылды: (Заречный-3, Ақжар-2 тұрғын алаптары, Ақшат ауылы, Әкімжанов және Ахтанов көшелері) және 150 көше шамдары орнатылды (Заречный-3 т.а., Ақжар, Ақжар,2).

Аудан бойынша 10 545 метр орталықтандырылған су құбырлары жүргізілді. Оның ішінде:  Қарғалы ауылындағы 7 көше (Солнечная, Дружба, Транспортная, Бәйтерек, Мир, Ясный тұйық көшесі, Қарғалы) және Заречный-1 тұрғын алабы.

Өрлеу ауылында 12 800 метр (аяқталу уақыты — маусым, 2019 жыл), Белогор ауылында 5 077 метр (аяқталу уақыты — желтоқсан, 2019 жыл) су құбыры желілері бойынша мердігер ұйымдар анықталды (жоба бұрыннан қалған).

Алматы ауданы бойынша қысқы уақытта жолды күтіп ұстайтын мердігер мекемелер: («Дорожник и К», «Коквест», «Протон», «Financial world», «АГДС», «Бошан Транс Авто», «Ерхат жолдары», «Актобетяжстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері).

Төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстарына тоқталатын болсақ. Алматы ауданына қарасты Ақжар ауылының  жоғарғы  жағынан  ұзындығы 1 шақырым болатын суағар каналы қазылып, Садовый ауылында табиғи суағар жиегін және тұрғын үйлердің жанынан ұзындығы 500 метр болатын топырақпен бекіту жұмыстары жасалды. Сондай-ақ, Ақшат ауылында табиғи суағар каналы кеңейтіліп, суағарды Бұтақ өзеніне қарай  1 шақырым қазып, бағыты өзгертілді.  Дала суының бағытын өзгерту үшін 3 бөгет салынып, ұзындығы 500 метр болатын канал қазылды.

Қурайлы ауылында Тепличная көшесінде 2017 жылы су тасқынынан зардап шеккендерге бөлінген 11 жер учаскесіне толықтай құрылыс материалдары жеткізіліп, коммуникациялық желілерден су, газ, электр желілері тартылды.

Аудан аумағында 37 автобус аялдамасы орнатылды: (Ақжар-2, Қызылжар, Заречный-3 тұрғын алаптары, Жанқожа батыр көшесі, Заречный, Ақжар трассасы, Ақтөбе-Орск трассасы)

Қазіргі уақытта «Алматы» ауданы бойынша 298 қоқыс алаңы, 1 100  қоқыс контейнері бар.

Онын ішінде, 2018 жылы 14 евроконтейнерлер бар қоқыс алаңдары жасалды: (Шернияз, Яншин, Қонаев, Мебельная, Кереев, Патоличиев, Жанқожа батыр, Әйтеке би, Ломоносов, Алтынсарин көшелері.).

«Қарғалы» тұрғын алабындағы  тұрғын үйлердің №1 шағын ауданының орталық көшесінен және оң жақ сыртқы бетінен 400 тоннаға жуық құрылыс қалдықтары шығарылып, тазартылды.

Ауданда ауыр техника жұмылдырылып, 110 метр су арығы тазартылып, қалыпқа келтірілді.

2018 жылғы 29 қыркүйек пен 3 қараша аралығында елді мекендер мен қала аумағында күзгі мезгілдегі тазарту жұмыстарын ұйымдастыру шараларына сәйкес аудан бойынша 10 738 адам, 12 техника жұмылдырылып, 50 мемлекеттік мекеме, 250-ден астам бизнес объекті, 15 оқу орнының студенттерімен бірге жалпы көлемі 185 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Жұмыс тобының тексеруі барысында Ақтөбе қаласының «Алматы» ауданы бойынша барлығы 150  ашық және жарамсыз құдықтар анықталды, олардың барлығы қалпына келтірілді. Сонымен қатар, аудан аумағында металл қабылдайтын 37  пункт анықталды. Оның жетеуінен кемшілік анықталып, ішкі істер органдары мен салық басқармасының мамандарымен бірге хаттамалар толтырылып, алдағы уақытта кемшіліктерді жою бойынша жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда.

Ауданға қарасты басқарушы компаниялар өз аумақтарында 2 156  түп жас көшеттер мен жеміс ағаштарын егу жұмыстарын жүргізуде.

Әлеуметтік сала

Ақтөбе қаласының Алматы ауданында 53 білім беру мекемесі: 41 орта, 9 арнаулы орта, 3 жоғары білім беретін мекеме, 2 музыкалық мектеп, 2 спорттық мектеп, «Жас натуралистер станциясы», 2 Мәдениет үйі, 60 мектепке дейін білім беретін ұйым (16 мемлекеттік, 44 мемлекеттік тапсырыспен жасайтын балабақша), кітапхана бар. Денсаулық саласында 30 нысан қызмет көрсетеді: (6 аурухана, 3 емхана, 6 дәрігерлік амбулатория, 8 медициналық пункт және 7 жеке медициналық орталық).

Ашылған мектептер: №41 ОМ, №70 ОМ, №73ОМ, №71ОМ. Дәрігерлік  амбулатория: Магаджан, Ақшат, К.Нокин ауылдары.

Аудан әкімшілігі шілде айынан бастап қазан айына дейін мектептердің жаңа оқу жылына дайындықтарын, жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарын қадағалады.

Ювеналды полиция қызметкерлерімен бірлесіп, аудан әкімдігі  мамандары түнгі рейдтерге шығып, 23.00-ден кейін көшеде жүрген және келісімшартсыз жұмыс жасап жүрген, кәмелетке толмаған балалардың 112 ата-анасына ескертулер берді.

Нарколог дәрігерлерді, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторларды тарта отырып, 16 орта мектептің 7-11 сыныптарында оқитын балалармен және 2 колледж оқушыларымен нашақорлықтың, маскүнемдіктің және есірткінің зияндығы туралы семинарлар өткізілді.

Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап мемлекеттік және кәсіби мейрамдарға арналған 46 мерекелік және спорттық шаралар өткізіліп, оған   20 мыңға жуық тұрғын қатысты. Маусым және қазан айларында «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жобасы» аясында, оның ішінде «Экстремизм, терроризмнің алдын алу»  және Елбасының Жолдауын түсіндіру бағыттары бойынша тұрғындармен, ұжымдармен 26 кездесу ұйымдастырылды.

«Ақтөбе қаласы Алматы ауданы әкімі аппараты» ММ-інде Елбасының Жолдауын, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын түсіндіру мақсатында 4 жұмыс тобы құрылып, жылдың соңына дейін тұрғындармен, ұжымдармен 16 кездесу өткізілді.

Орта арнаулы және жоғары оқу орындарында, мешіттерде және басқа ұйымдарда теологтардың қатысуымен 13 кездесу өткізіліп, 500-ге жуық адам қамтылды.

Алматы ауданы әкімшілігі ауданға қарасты 89 қайталанатын көше атауын, сонымен қатар идеологиялық тұрғыдан көнерген көше атауларын өзгерту жөнінде 5 көшеге, атаусыз 87 көшеге (Заречный-4 т.а, Магаджан, Ақшат, Бекқұл баба, К.Нокин, Украинка, Қызылжар ауылдарында) атау беру туралы ұсыныс берілді. Бүгінгі күні барлығы 83 көшенің атаулары бойынша 44 кісі есімдері Республикалық  ономастикалық комиссияға жіберіліп, Президент әкімшілігінде, қалған 39 атау облыстық ономастикалық комиссияда қаралуда.

«Туған жерге тағзым» акциясы аясында бүгінгі күнге 22 млн теңге көлемінде, «Түлек Кз» акциясы бойынша  850 мың теңгеге демеушілік көмек көрсетілді.

Жаңа жыл мейрамына орай Алматы ауданы әкімінің шыршасында 9 мерекелік шара өткізіліп, аз қамтылған, жетім, көпбалалы, мүгедек, Ауған соғысы ардагерлерінің, әскерде қызмет ететін азаматтардың 900-ге жуық баласы қатыстырылды. Сонымен қатар «Қарғалы» тұрғын алабында және Қурайлы ауылында алғашқы рет шырша безендіріліп, 31 желтоқсан күні жаңажылдық кеш ұйымдастырылып, мерекелік отшашу атылды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар

Есепті кезең ішінде атаулы әлеуметтік көмекке 472 отбасыдан (2484 адам) өтініш түсті. Оның ішінде 120 отбасыға (620 адам) атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Алматы ауданына қарасты әлеуметтік көмекке жүгінген екі отбасыға өмірлік қиын жағдай туындауына байланысты 290 000 теңге көлемінде біржолғы қаржылай көмек берілді.

Алматы ауданына қарасты Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға демеушілердің қолдауымен 483 000 теңге көлемінде қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды.

(Демеушілік еткендер:  «Green house Kazakhstan» ЖШС,«Думаш-Актобе» ЖШС, «Юрта» мейрамханасы,«Золотой Шампур» мейрамханасы, «Садыкова Р.Ш.» ЖК, «Алманов» және «Бексұлтан» шаруа қожалықтары.)

Жұмыспен қамту бөлімінің мамандары «Бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру және оларды актуализациялау» бағдарламасы аясында жұмыссыздардың мәртебесін анықтау мақсатында үйлерді аралау жұмыстарын жүргізді. Жұмыссыздардың мәртебесін анықтау үшін 3 331 азаматтың мекенжайы бойынша аралау жұмыстары жүргізілді.

Кәсіпкерлік саласы

Ақтөбе қаласының 2018 жылға салық салу базасын кеңейту, салықтар мен алымдардың толық түсуін қамтамасыз ету мақсатында шағын және орта бизнестерге мониторинг жүргізіліп, аудан бойынша жеке кәсіпкерлер саны 12621-ге, ЖШС саны 4761-ге жетті.

Ақтөбе қаласының әкімі І.Испановтың қаулысына сәйкес қала бойынша 85 сауда орны бөлінді, оның ішінде 31 сауда нүктесі Алматы ауданына қатысты.

Соның ішінде 27 орынға кәсіпкерлер орналасып, олар әлеуметтік маңызы бар тауарларды арзан бағамен ұсынды.

Сонымен қатар ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап қараша айына дейін әр сенбі сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізілді. Жалпы саны 32 рет жәрмеңке (К.Нокин, Қарғалы, Қурайлы ауылдары, Ақжар-2, «Қарғалы» тұрғын алабы) өтіп, тауарлар қала базарларынан 10-15 пайыз төмен бағамен сатылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам тауар өндіруші қатысып, көкөніс — 18 тонна, картоп — 40 тонна, қауын-қарбыз — 25 тонна, 4 тоннаға жуық ет өнімдері сатылды. Жалпы сатылған тауар құны 10 млн теңгені құрады.

Мемлекеттік саясатты насихаттау және кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында «Бизнес ортаны дамыту» бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізілді. Алматы ауданы бойынша жұмыстың нәтижесінде 600-ден аса адам қатысып, нәтижесінде 12 азаматқа нақты көмек көрсетілді. Атап айтқанда, 8 адам «Бизнес бастау» оқу бағдарламасына жіберілді және 4 адам өз кәсібін ашты. Аудан бойынша жалпы сомасы 3 миллиард 323 миллион теңге құрайтын инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда, 170 адам жұмыспен қамтылды.

2018 жылы Алматы ауданы бойынша жол бойындағы сервис құрылысына 15 жер телімі бөлінді. Олар: 7 кемпинг, 6 газ құю бекеті, 1 қымызхана, 1 көлік қызметі кешені.

Ауыл шаруашылығы саласы

Ауданның қолданыстағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері — 82531 га, оның ішінде егістік — 14124 га, шабындық — 2728 га, жайылым — 61734 га, тыңайған жерлер — 3945 га.  Ауыл шаруашылығы бағытында жұмыс істеп тұрған тауар өндірушілер құрылымдарының саны – 97. (11 ЖШС, 9 а/ш кооперативі  74-і ш/қ және 4 өндірістік кооператив). Құрамдарында 500-ден астам жұмысшы қызметкер еңбек жасауда. Өсімдік шаруашылығында өткен жылы ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары барлық егіс көлемін 16415 гектарға жеткізді. 6787 га дәнді дақылдар жиналып, орташа шығымдылығы гектарына 9,9 центнер құрады. Олардың ішінде, агротехникалық шараларды қолдана отырып, 1 гектардан орташа алғанда 10-12 центнерден өнім жинаған «Болат ЛТД», «СХФ»Пригородный», «Квант», «Темір Тұлпар Батыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, «Анисан», «Алтын», «Шаруа» шаруа қожалықтары жоғары өнім алды.

Картоп дақылы 318 гектарға егіліп, одан 5286 тонна өнім жиналды. Ауданымыздың ірі шаруашылықтарында өндірілетін картоп, көкөніс өнімдері толығымен қала тұрғындарын қамтамасыз етумен қатар облыс аудандарына сатылуда.

Мал шаруашылығында 2019 жылдың 1 қаңтарына ауданның елді мекендеріндегі  мал басы: ірі қара малы — 7638, қой мен ешкі — 13406 , жылқы — 2682, түйе —84, шошқа — 172. Мал қыстату кезеңіне байланысты жеке аулалар мен мал қыстақтарына 35,0 мың тоннадан астам жем-шөп дайындалып, тасылды. Мал азығы өндірісін ұлғайту үшін облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес суармалы жерлерді қалпына келтіру жобасы негізінде 2019 жылы  «Пригородный ауылшаруашылық бірлестігі», «Болат ЛТД» серіктестіктерінде 611 гектарды пайдалануға беру арқылы суармалы алқаптарды 1164 гектарға дейін жеткізу жоспарлануда.

Ауданда 12 ауыл шаруашылығы кооперативі жұмыс істеуде. Олардың ішінде «Талапкер», «Шаулен», «Ақшат АПК», «Новый Путь», «Махамбет», «Айнад Батыс» кооперативтері бар. Өндірілген өнімдер қайта өңдеу кәсіпорындарына тапсырылады, қалған бөлігі халыққа коммуналдық базарлар және басқа да сауда желілері арқылы сатылады.

Ақтөбе қаласының Алматы ауданы әкімі А.Әлімбаевтың

2018 жылдың қорытындысы бойынша есепті кездесулерінің

КЕСТЕСІ 

Өткізу күні

мен уақыты

Өткізу орны
1. 21.01.2019

(дүйсенбі)

сағат 10.00

Заречный-1, Заречный-3, Рауан, Мағаджан тұрғын алаптарының тұрғындарымен есептік кездесуі

№61 орта мектеп

2. 21.01.2019

(дүйсенбі)

сағат 15.00

Заречный-2, Заречный-4 тұрғын алаптарының тұрғындарымен есептік кездесуі

№55 орта мектеп

3. 22.01.2019

(сейсенбі)

сағат 10.00

Ақжар, Ақжар-2, Кірпішті елді мекені тұрғындарымен есептік кездесуі

№70 орта мектеп

4. 23.01.2019

(сәрсенбі)

сағат 10.00

Пригородный, Садовое, Шиелісай, К.Нокин, Украинка елді мекені тұрғындарымен есепті кездесуі

Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылық колледжі

5. 23.01.2019

(сәрсенбі)

сағат 15.00

Қызылжар ауылының тұрғындарымен есепті кездесуі

 

№73 орта мектеп

6. 24.01.2019

(бейсенбі)

сағат 10.00

Ясное ауылының тұрғындарымен есепті кездесуі

№41 орта мектеп

7. 25.01.2019

(жұма)

сағат 10.00

Өрлеу елді мекенінің тұрғындарымен есепті кездесуі

 

№57 орта мектеп

8. 25.01.2019

(жұма)

сағат 15.00

Қурайлы, Елек, Георгиевка ауылынының тұрғындарымен есепті кездесуі

Қурайлы Мәдениет үйі

9. 28.01.2019

(дүйсенбі)

сағат 15.00

Ақшат ауылының тұрғындарымен есепті кездесуі

 

№67 орта мектеп

10. 29.01.2019

(сейсенбі)

сағат 15.00

Өлке, Белогор, Бекқұл баба, Белогор карьері ауылының тұрғындарымен есепті кездесуі

Бекқұл баба атындағы негізгі мектеп

11. 30.01.2019

(сәрсенбі)

сағат 15.00

Ақтөбе қаласының ескі бөлігі  тұрғындарымен

есепті кездесуі

№62 орта мектеп

12. 05.02.2019

(сейсенбі)

сағат 15.00

Халық алдындағы есептік кездесуі

 

«Геолог» мәдениет үйі

 Құрметті ақтөбеліктер!

Ақтөбе қаласының Алматы ауданы өз ұсыныстарыңыз бен сауалдарыңызды 41-62-65 қызу желі телефоны арқылы беруге, almaty.esep2019@mail.ru, электронды поштасы арқылы немесе Almaty_audany_akimdigi Instagram-ға (direct) жолдауға, сондай-ақ төмендегі орындарда арнайы қойылған жәшіктерді пайдалануға болады.

1 Ақтөбе қаласының Алматы ауданы әкімдігінің ғимараты Қарғалы ауылы,

60 лет Октября көшесі, 70Б

2 Қурайлы ауылының Мәдениет үйі Қурайлы ауылы, 443 учаскесі
3 К.Нокин ауылының дәрігерлік амбулаториясы К.Нокин ауылы, 114 учаскесі
4 «Мега Шығыс» сауда үйі Қонаев көшесі, 208

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button