Денсаулық

Жақсы дәрігер — жанға шипа

Жақында Ақтөбе медициналық орталығының  тамыр хирургиясы бөлімінде аяғыма ота жасаттым. Расын айтсам, алғашқыда қалай болар екен деп қорықтым. Бірақ орталықтағы білікті дәрігерлердің арқасында ота сәтті жасалды. Қазір денсаулығым қалыпты, аяғымның ауырғаны басылды.

«Жақсы дәрігер ауруды жазады, жаман дәрігер ауруға ауру қосады» демекші, осы ретте мені емдеген ақ халаттыларға алғыс айтқым келеді. Олар —  бөлім меңгерушісі Бернат Жаңабаев, дәрігер ангиохирургтер Құрал Сәрсенов, Ибраһим Бисенов, бас медбике Назира Ермекбаева, медбикелер Күлайым Ғұбайдуллина, Ақтолқын Нураддинова, Жанар Батырханова, Зейнеп Үмбетова, Гүлжанат Сапарбекова,  санитарлық тазалықшылар Самал Базарова, Светлана Азилова, Ақалтын Құлбатырова, Жаңагүл Дүйсебаева, Бақжанат Мырзахметова, Ақтоты Мұқашева.

Адамдарға шипа сыйлап жүрген дәрігерлердің отбасына амандық, деніне саулық тілеймін.

Боранбай ИСМАГУЛОВ,

Ақтөбе қаласының тұрғыны.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button