Спорт

Қыс қызығы

Тәрбие

Ақтөбе қаласындағы №12 «Інжугүл» балабақшасында «Қыс қызығы» атты қысқы спорттық ойындардан жарыс өтті.

Аталған балабақшаның дене шынықтыру пәнінің нұсқаушысы А.Қуанышеваның ұйымдастыруымен өткен шараға қысқы спорттық ойындардың түрлері алынып, барлық қатысушылар белсенді түрде атсалысты.

Эстафеталық жарыс барысында қатысушылар «Ұлпа қарлар» және «Аққала» атты екі командаға бөлініп,  өздерін таныстырды. Бұдан соң жарыс ереже бойынша «Көңілді бубен», «Мұзды жалғастыр», «Шана эстафетасы», «Аққаланы киіндір», «Шайба эстафетасы», «Капитандар сайысы» және «Қар жинау» кезеңдерімен жалғасты.

Шара соңында №12 «Інжугүл» балабақшасының әдіскері К.Садықова бастаған әділқазы мүшелері жеңімпаз командаларды құттықтап, Алғыс хаттар мен медальдар табыс етті.

А.БОЛАТБЕК.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button