Жаңалықтар

51 сәби дүниеге келді

Жаңа жылды қарсы алар күні, яғни 31 желтоқсанда  облыста 51  бала дүние есігін ашқан. Оның 27-сі — ұл,  24-і — қыз бала.

Мереке қарсаңында сәби әкелген аналарды перзентханалардың басшылығы ескерусіз қалдырған жоқ. Мәселен, Ақтөбе медициналық орталығында 31 желтоқсан мен 1 қаңтар күні 15 бала өмірге  келсе, оның ішінде үш ер бала дәл Жаңа жылды қарсы алар түні дүние есігін ашқан. Аурухана әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымы барлық аналарды құттықтап, сыйлықтар табыс еткен. Ал Ақтөбе қаласы әкімдігінің атынан қала әкімінің бірінші орынбасары Ұшқын Мыңбаев мереке күні арнайы келіп, аналарды құттықтап, сәбилердің деніне саулық тілеген.

Жалпы облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылдың 12 айында 19 589 сәби өмірге келген. Ал оның ішінде 189-ы — егіз, 5-еуі үшем болыпты.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button