Жаңалықтар

«Юнис Сити» тұрғын үй кешені назарда тұр

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс тобының «Юнис сити» тұрғын үй кешенінің мәселесін шешуге қатысты отырысын өткізді.

Отырысқа құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары, «ForteBank» өкілі қатысты.

Жұмыс тобының жетекшісі, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың айтуынша, бұдан бұрынғы отырыстан бергі уақыт ішінде 20 азаматқа «Юнис сити» пәтерлерін жекеменшік құқығына рәсімдеуге қолдау көрсетілген. Барлығы 86 пәтердің тұрғынына жекеменшік құқығы рәсімделді.

Жиын қорытындысы бойынша облыс басшысы аталмыш тұрғын үй кешенінде азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша барлық тиісті шаралардың жүзеге асырылуын жалғастыруды тапсырды.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button