Жаңалықтар

Облыс әкімі жастарға кітап сыйлады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Мейірім» әлеуметтік бейімдеу орталығының тәрбиеленушілерін алда келе жатқан Жаңа жылымен құттықтап, сыйлықтар табыс етті. Облыс әкімімен бірге жастарды облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова, еңбек ардагерлері мен «Нұр Отан» партиясы жастар қанаты өкілдері де құттықтады.

— Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халықтың әл-ауқатының артуын ұдайы назарда ұстап келеді. Біздің жұмысымыздың негізгі  мақсаты да осы. Ең алдымен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсетуіміз керек. Екі жыл бұрын көпшілік жастардың үйіндей болып кеткен осы әлеуметтік бейімдеу орталығы салынған болатын. Сіздердің әрқайсысыларыңызға кәсіпкерлер қатарынан демеуші бекітілді, бұл жанашыр азаматтар сіздерге жеке баспаналы болуға қаржы жинауға көмектеседі. Ал сіздердің міндетіңіз —  жақсы оқып, білім алып шығу. Болашақ өздеріңіздің қолдарыңызда, — деді облыс әкімі.

«Мейірім» орталығында 18-29 жас аралығындағы Алға балалар үйінен шыққан жастар мен мүмкіндігі шектеулі балалар, барлығы 102 адам тұрып жатыр. Орталық директоры Жанна Дүйсенбинаның айтуынша, әрбір тәрбиеленушіге Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен арнайы депозит шоты ашылған. Оған демеушілермен бірге жастардың өздері де қаржы салып тұрады. Биыл  орталықтың 18 тұрғыны болашақта сатып алу құқығымен жалға пәтер алған. Жастар оқуын бітіріп, дипломын қолдарына алғаннан кейін бірден жұмысқа орналастырылады. Яғни, олардың арасында жұмыссыздық деген мәселе жоқ. Бұл да жастар үшін үлкен көмек.

Облыс әкімі жастарға Луиза Хей, Ник Вуйчич, Стив Джобссекілді шетелдік авторлардың өзін-өзі дамытуға арналған кітаптарын сыйға тартты.  Сыйға-сый дегендей, облыс әкімі жастардың өз қолымен арнайы әзірлеген мерекелік тортынан ауыз тиді.

 Айжан ШАУКУЛОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button