Басты жаңалықтарСпорт

Ақтөбе» — футзалдан Қазақстан кубогы иегері

«Ақтөбе» футзал клубы алматылық «Қайраттың» жетіжылдық жеңісіне тоқтам салып, Қазақстан кубогының иегері атанды.

Ақтық шайқаста біздің спортшыларымыз 2:1 есебімен рудныйлық «Аят» командасын жеңді. Евгений Серыйдың қос добы «Ақтөбені» алға шығарды. Ойын соңында «Аят» футболшылары бір доп соққанымен, ол қарсыластар үшін еш нәтиже бермеді.

«Ақтөбе» жартылай финалда алматылық «Қайраттан» он бір метрлік айып добын соғу арқылы басымдыққа жетіп, соңғы жеті жыл бойы Қазақстан кубогын қолға бекем ұстап келген команданың бетін қайтарды.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button