Әлеумет

Ер Едіге ескерткіші  –  елдің рухы

Едігенің есімі «Едіге батыр» эпосы арқылы күллі қазақ халқына мәлім. Эпостың елуден астам нұсқасы бар. Көпнұсқалылық – оның басты кейіпкерінің ел сүйіктісі болуынан. Шынында да, сол 50 нұсқаның бәрінің түйіні «Едіге деген ер еді, елдің қамын жер едіге» барып тіреледі. Эпостың ноғай, қарақалпақ тіліндегі нұсқалары Лондонда ағылшын тілінде басылып шықты.

Едіге – дүние жүзіне белгілі тарихи тұлға. ХІV ғасырдың екінші жартысында Литваның ұлы князі Витовт оңтүстік Еуропаны, орыс князьдіктерін жаулап алып, өзін Литва мен Ресейдің ұлы князі деп жариялағаны көне тарихта таңбалаулы. 1399 жылы зеңбірек сүйретіп, мылтық асынып, біздің жерімізге тұтқиылдан басып кірген Еуропаның Витовт басқарған дайындығы мықты құрамасын  Едіге өзінің дарынды қолбасылығы арқасында Борсықты түбінде 12 тамыз күні талқандайды. Сөйтіп, халықты көрініп келген апаттан сақтап қалады. «Мұндай жеңісті Шыңғыс та, Бату да көрген емес», – деп жазады орыстың атақты тарихшысы Н.М.Карамзин өзінің «История Российского государства» деген әлемге әйгілі тарих кітабында (Т.5, стр.64. 1993г.). «Москва Едігенің осы жеңісі арқасында аман қалды», — дейді Лев Гумилев («Древняя Русь и Великая степь». – М.2007. стр.623-625). Бұл тарихты білетін Ресей өздеріне қарасты түркі халықтарына Едігені ұлықтауға жол ашуда. Дағыстанда Едіге атындағы мектеп пен ауыл бар. Қазан қаласында «Идигей» пьесасы қойылып жатыр, көше атауы берілген. Ноғай ғалымы Н.Сүйінова 2016 жылы Ресей Ғылым академиясының «Наука» баспасынан 42 б.т. «Эдиге» жинағын шығарды.

Биыл Ақтөбе қаласындағы жаңа даңғылға қазіргі қазақ жерінде туып, қазақ жерінде өлген, Ақтөбеде айқын ізі қалған Едіге батырдың есімі берілді. Сөйтіп, көреген саясаткер, сайыпқыран қолбасы Едігені ұлықтау Қазақстан бойынша Ақтөбеден бастау алуда. Едіге ескерткішінің патриоттық тәрбие беруде зор рөл атқаратынына еш күмән жоқ. Содан болса керек, бұл шараға тек бір облыстың емес, Астана, Алматы тұрғындары қолдау көрсетіп, ескерткіш тұрғызуға  көмек беруге ықылас білдіруде. Осы жағдайға байланысты төменде Ақтөбедегі «Ер Едіге» қоғамдық қорының есепшотын ұсынып отырмыз.

БИН 161040014777, KZ766017121000006716

АО «Қазақстан Халық Банкі»

Мекенжайы:Ақтөбе қаласы, Асау-Барақ көшесі,67

Тел/факс:213748 email: ardager.aktobe

 Ахат Мырзалин, Қайырқожа Елеусізов, Жұбаназар Асанов,

Ақтөбе қаласы, «Ер Едіге» қоғамдық қоры.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button