Спорт

Пауэрлифтинг шымыр жандардың басын қосты

Чемпионат

Ақтөбеде «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай пауэрлифтингтен тірек-қимыл жүйесі зақымданған спортшылар арасында облыстық чемпионат өтті. Іс-шараны партияның облыстық филиалы мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубы бірігіп ұйымдастырды.

Жарыстың ашылуында партияның  облыстық филиалы төрағасының орынбасары Нұрхан Ағниязов Елбасы тапсырмасы және «Кедергісіз келешек» партия жобасы аясында атқарылған жұмыстарға тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ақтөбе қаласының сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығының атқарушы директоры Гүлмирам Сражова бұл партиялықтармен бірігіп өткізген алғашқы шара емес екенін, былтыр да осындай жарыс ұйымдастырылып, қатысушылар көп болғанын айтты.

— Біздің қоғамдық бірлестікте еріктілердің және мүмкіндігі шектеулі жандардың бастамасымен «Zhas Project» бағдарламасы арқылы «Чемпион ЖИМ» кедергісіз спорт залы ашылған болатын. Сол залда спортшыларымыз жас жеткіншектердің көмегімен дайындық жұмыстарын жүргізеді. Осындай жарыстарға қатысуға мүмкіндік алады, —  деді Гүлмирам Сражова.

Қандыағаш қаласынан келген Жанат Тәжікенованың айтуынша,  спорттың бұл түрімен айналысу өте тиімді. Себебі пауэрлифтинг жасқа қарамайды әрі қысы-жазы дайындалуға болады. Оның үстіне паралимпиадалық ойындардың тізіміне еніпті. Биыл Жанат осы спорт түрінен  Қазақстан чемпионы атанған.

Жарыс мүмкіндігі шектеулі жандардың арасынан нағыз шымырларды анықтап берді. Әр түрлі салмақта қыздар арасынан І орынды Гүлім Құрманбаева, Жанат Тажікенова, Ақтоты Нетуллина, Айгүл Бердешова, Жания Аяубаева жеңіп алса, ерлер арасынан Жігер Кенжеғалиев, Азамат Марат, Гайдар Құрманияз, Аслан Құдабаев, Мирам Смағұлов, Михаил Холостенко, Абай Сағынов, Нақып Мамбетов, Асқар Байділдаев жеңімпаз атанды.

Қатысушылар мен жеңімпаздарды партияның облыстық филиалы сыйлық және  дипломмен марапаттады.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button