Мереке

27 маусым — баспасөз, телевизия және радио күні!

Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – баспасөз, телевидение және радио күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазіргі кездегі экономикалық, саяси және қоғамдық үрдістердің қарқынды ырғағы біздің өмірімізде ақпараттың маңызды орын алатындығын айғақтайды. Сіздер арқылы қалың жұртшылық тың жаңалықтар мен қажетті ақпарат алады, білімін толықтыра түседі.

Сіздер қазіргі дәуірдің жылнамашысы ретінде барлық саланың дамуына, туған өлкені сүйіп, құрметтеуге, отансүйгіштікке тәрбиелеуге, біздің қоғамдағы адамгершілік бастауларды нық қалыптастыруға елеулі үлес қосып келесіздер. Кей жағдайда бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен көкейкесті әлеуметтік түйіндерге назар аударып, оларды бірігіп шешу арқылы оң  нәтижелерге қол жеткіземіз.

Қымбатты достар!

Баспасөз адамның ақылы мен жүрегіне ерекше әсер етіп, оның сөзінің құдіреті кез келген қуатты қаруға да қарсы тұра алады. Сондықтан, үлкен жауапкершілік – Сөз, Қоғам және Ар жауапкершілігін арқалаған ақтөбелік майталман-журналистерді әрдайым мақтан тұтамыз.

Құрметті кәсіп – журналист мамандығын игеру әркімнің талайына берілмеген. Жоғары кәсіби шеберлікті игере отырып, үнемі дәуір үнімен тыныстау, қазіргідей қарыштап дамыған қоғамда халықтың қуанышы мен ауыртпалығын бөлісу, шынайы пікірлесу, оларды жаңа асулар мен шыңдарға тарту тек қана Сіздердің қолдарыңыздан келеді.

Бүгінгі мереке күні өз оқырмандарыңыз бен көрермендеріңіздің, тыңдаушыларыңыздың таңдаулысы болып қала берулеріңізді және шығармашылық табыс, кәсіптеріңізге сәттілік, мықты денсаулық тілеймін.

Облыс әкімі                                          Елеусін САҒЫНДЫҚОВ.

Басқа жаңалықтар

One Comment

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button