Басты бет » Ресми » «Ақтөбе облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы

«Ақтөбе облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы

Ақтөбе облыстық мәслихатының

ШЕШІМІ

10.12.2018 жыл                        №355

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Облыстың экономикалық, денсаулық, әлеуметтік саласының дамуына қосқан зор үлесі және қоғамдық өмірге белсене қатысқаны үшін «Ақтөбе облысының Құрметті азаматы» атағы мына тұлғаларға берілсін:

ҚАРТБАЕВ Нұхы — «Ардагерлер ұйымы» РҚБ АОФ мүшесі.

ҚОЖАНБАЕВ Қайырғали Үсенғалиұлы — Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармонияның ардагері.

ТӘДЖІБАЕВА Мәрия Сейіт-Ахметқызы —«Нұр Отан» партиясы Ақтөбе қалалық филиалының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің төрайымы.

ТАЙЖАНОВ Алтай Тайжанұлы — М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі.

ӨТЕУҰЛЫ Хамит — «Алтын-Әсел» ЖШС директоры.

Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы Ә.САРМАНОВА.

Облыстық мәслихаттың хатшысы С.ҚАЛДЫҒҰЛОВА.