Мереке

16 көлікпен толықты

Қазақстан полициясы күніне байланысты шараларды облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері қызметтік парызын өтеу кезінде қаза тапқан қызметкерлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан бастады.

Ішкі істер қызметкерлерін облыс әкімінің орынбасары Ізбақ Өмірзақов, департамент бастығы Патрис Нокин құттықтап, табысты еңбек тіледі. Бұл күні департамент бөлімдерінің көліктері 16 автомашинамен толықты. Облыс әкімдігі бөлген 26 миллион 400 мың теңгеге алынған бұл машиналар қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға пайдаланылатын болады. Айта кету керек, облыстық әкімдік соңғы 3 жылда 28 көлік алып беріп, материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етті.

Департаменттің акт залында жалғасқан салтанатты жиында бірқатар қызметкерлер марапаттарға ие болды. Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетовтің бұйрығымен 25 полиция қызметкері көтермеленді. Атап айтқанда, Қарғалы АІІБ бастығының орынбасары полиция майоры Мерген Алмағамбетов мерзімінен бұрын полиция полковнигі жұлдызын тақты. Ал Руслан Армановқа атқарып отырған лауазымынан бір саты жоғары майор атағы берілді. Учаскелік полиция инспекторы Нұрбол Бектұрғанов «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін» медалімен марапатталды. Бірнеше полиция өкіліне ІІМ-ның, ІІД-ның құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табыс етілді.

Бердібай КЕМАЛ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button