Жаңалықтар

Мерекелік медаль табысталды

Тәуелсіз еліміздің қалыптасуы мен дамуына қосқан елеулі үлестері үшін бір топ ақтөбелік азамат Елбасы Жарлығымен «Астана 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған еді.

Наградталғандар қатарында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Абай Балманов, облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Руслан Құлдыбаев және облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Гүлшара Бекенбаева бар.

Осыған орай облыстық әкімдікте өткен жиынға марапатталған азаматтардың әріптестері, яғни аталған басқармалардың басшылары мен қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов марапат иелерін құттықтап, оларға игі тілектерін жеткізді.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Абай Балманов осы салада 40 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді.

— Еңбегіңнің бағалануы — үлкен абырой. Әрине, бұл марапат — жеке өзім емес, бүкіл ұжымның арқасында келген табыс деп білемін. Біздің еңбегіміздің бағаланғанына қуаныштымын, — деді Абай Балманов.

Марапат иелерін әріптестері де құттықтап, қуаныштарын бөлісті.

 И.ЖАЙМАҒАМБЕТОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button