Спорт

4 ай бойы футбол ойнайды

жарыс

Желтоқсан-наурыз айлары аралығында облыстық басқармалар мен департаменттерде жұмыс істейтін қызметкерлер өзара шағын футболдан сынға түседі. Мұндай облыстық лига Ақтөбеде алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Шараны облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті бірлесе ұйымдастырып отыр. Мақсат — мемлекеттік қызметкерлерді дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту, салауатты өмір салтын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

— Шағын футболдан облыстық лига алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жарыстың 4 айға созылу себебі — әр команда апта сайын бір-бірімен кездеседі. Мысалы, жарысқа 20 команда қатысса, 1 команда қалған 19 командамен ойнап шығуы керек. Сол себепті ұзақ мерзімге созылмақ. Жарысқа тек облыстық басқармалар мен департаменттердің қызметшілері қатысады, — дейді ұйымдастырушылар.

Облыстық лига Ақтөбе қаласының футбол алаңдары мен спорт кешендерінде өтеді. Ал жүлделі орындарды иеленген командалар мадақтау қағаздарымен және медальдармен марапатталады.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button