Спорт

Тоғызқұмалақтан жарыс басталады

Маусым айының  28-і күні «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің жүлдесі үшін  тоғызқұмалақтан облыстық турнир өтеді. Он жылдан бері өткізіліп келе жатқан дәстүрлі ойынның негізгі мақсаты ұлттық спорт ойын түрлерін насихаттап, дамытуға үлес қосу.

Биылғы жарыс  Облыстық балалар және жасөспірімдер мектебінде сағат  11.00-де басталады. Жарысқа қатысушыларды тіркеу  сол күні сағат 10.00-де аяқталады. Турнирдің шарты бойынша, қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай екі топта ойнайды. Бірінші топта 11-13 жас аралығындағылар, екінші топта  14 жастағы және одан үлкендер. Команда құрамында 4+4 ойыншы, 1 басқарушы болуы шарт. Барлығы тоғыз адам. Мүмкіндігіне қарай, қосымша ойыншы әкелуге болады. Жарыс ерлер мен қыздар арасында жекелей өткізіледі.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау ұпай саны, жеке кездесуі, прогресс, коэффициент, ойынды бастау кезегі бойынша анықталады.

Жарысқа келушілердің жол шығынын жіберуші жақтың өзі өтейді.  Жеңімпаздар  газет ұжымы атынан бағалы сыйлықтар және мақтау қағаздарымен марапатталады.

«Ақтөбе» газетінің  жүлдесі үшін тоғызқұмалақтан  алғашқы турнир 1999 жылы өткен болатын. Міне, содан бері 11 жыл болды. Ерлерден Бауыржан Төлегенов, қыздардан Әсел Нұршина алғашқы турнирдің жеңімпазы атанды. Бүгін  сол 10 жылда болған  турнир жеңімпаздарының  есімдерін жариялауды жөн санадық.

Рет саны Өткізілген жылы Ерлер Қыздар
1 1999 Бауыржан Төлегенов Әсел Нұршина
2 2000 Зорбай Төлегенов Әсел Нұршина
3 2001 Бауыржан Төлегенов Әсел Нұршина
4 2002 Бауыржан Төлегенов Әсел Нұршина
5 2003 Нұрбек Қабиев Әсел Нұршина
6 2004 Нұрбек Қабиев Марзия Бержанова
7 2005 Нұрбек Қабиев Салтанат Қозыбағарова
8 2006 Мұратбек Нұржанов Гүлзат Бақтарбаева
9 2007 Асылан Әділханов Алмагүл Тәкішева
10 2008 Нұрбек Қабиев Алмагүл Тәкішева
11 2009 Берік Сәрсенбаев Алмагүл Тәкішева

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button