Спорт

Судьялар арасындағы спартакиада

Тұңғыш Президент күніне орай Ақтөбе облыстық соттарының судьялары мен сот мамандары арасында спартакиада өтті. Сайысқа түскен 6 команда волейбол, футбол, үстел теннисі және дойбы секілді спорт түрлерінен бақтары мен баптарын сынады.

Салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылған жарыстың ашылу салтанатына қала әкімі Ілияс Испанов, облыстық сот төрағасының міндетін атқарушы Қайырбек Елемесов, «Ақтөбе» футбол клубының бас директоры Самат Смақов, Ақтөбе қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің  басшысы Евгений Гончаров қатысты.

Шараның ашылу салтанатында сөз алған Қайырбек Елемесов Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылып жатқан жарыстың маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Спартакиада қорытындысы бойынша, футболдан І орынды Ақтөбе облыстық сотының «Мәңгілік ел» командасы иеленсе, волейболдан І орын аудандық соттардан құралған «Сұңқар» командасына бұйырды.

Ал футболдан «Ең үздік ойыншы» номинациясын  Ақтөбе облысы бойынша соттар әкімшісінің бас маманы Рамазан Кустанов иеленсе, волейболдан ең үздік ойыншы болып  Хромтау аудандық сотының төрағасы Айсұлтан Балмұқанов танылды.

Ерлер арасындағы үстел теннисінен І орынды Ақтөбе облысының мамандандырылған тергеу сотының судьясы Асхат Әбдіров, ал әйелдер арасынан Хромтау аудандық сотының бас маманы Ажаргүл Ахмедияр иеленді.

Ерлер арасындағы дойбыдан І орынды әкімшілік сотының аға сот приставы Сабыржан Қабдолов, әйелдер арасынан Айдана Кәрімова иеленді.

Спартакиаданың жалпы қорытындысы бойынша І орын аудандық соттардан құралған «Сұңқар» командасына бұйырды.

Шара соңында барлық жеңімпаздар мен қатысушыларға облыстық сот төрағасының міндетін атқарушы Қайырбек Елемесовтің атынан Алғыс хаттар мен арнайы кубоктар табысталды.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button