Ауыл

Ақжардың бөденелері

Кәсіп

Ақжар ауылдық округінде ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамыған. Оны ауыл айналасындағы егіс алқаптары мен асылтұқымды мал басының артқаны айқын аңғартады. Жері шаруаға қолайлы ауылда бөдене өсіріп, сүтті бағытта жұмыс жасайтын шаруалар да бар. Солардың бірі —«Көкжар-2008» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

— Біздің бұл кәсіппен айналысып келе жатқанымызға үш жыл болды. Басында 1800 бөденеге дейін өсірдік. Бөдене өсіру үшін қажетті жемді көрші Ресей мемлекетінен арнайы алдыртатын едік. Қазір жемнің қымбаттауына байланысты, құссанын 70-ке қысқарттық. Бөдене көп болған кездері оның жұмыртқасын Ақтөбедегі ірі супермаркеттерге де өткізіп жүрдік. Қазіргі таңда бөдене жұмыртқаларын аудан орталығындағы дүкендер мен мейрамханаларға өткіземіз, — дейді «Көкжар-2008» ЖШС басшысы Майра Ізбасарова.

Бүгінде шаруашылықта бөденеден бөлек қаз да өсіріледі. Әзірге мұнда 50 қаз бар.

— Инкубатор арқылы қаздың жұмыртқасын алып, құс басын көбейтеміз. Әзірге тек қаз етін ғана саудаға шығарып отырмыз. Болашақта бұл кәсіпті кеңейтпекпіз. Шаруашылықта бұған қоса 60 ірі қара мен 100 қой бар. Шаруашылық үш адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр, — дейді Майра Ізбасарова.

Нұрсұлтан ҚАЗИХАНҰЛЫ,

Хромтау ауданы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button