Мәдениет

Ақтөбеге әуезов театры келеді

Мамыр айының соңында Ақтөбеге гастрольдық сапармен қазақтың Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театры келеді.

Бұл туралы кеше өткен баспасөз мәслихатында аталмыш театрдың көркемдік жетекшісі Есмұқан Обаев хабарлады.

— Мұхтар Әуезов атындағы театр — Алматының ғана театры емес, бүкіл елге, қазаққа ортақ өнер ордасы. Сондықтан әр жыл сайын облыстарға гастрольға шығып тұруды дәстүрге айналдырдық. Биылғы көктемде Қазақстанның батыс өңірінде — Атырау, Орал және Ақтөбе қалаларында — боламыз, — деді Есмұқан Обаев.

«Әкемтеатр» ақтөбелік көрермендерге бес қойылым ұсынады: «Айман-Шолпан» комедиясы, «Махаббат дастаны» трагедиясы, «Сыған серенадасы», «Ескі үймен қоштасу» және «Ымырттағы махаббат» драмалары. Бұл қойылымдарда белгілі әртістер Асанәлі Әшімов, Бақыт Жанғалиева, Бақтияр Қожа, Данагүл Темірсұлтанова, т.б. өнер көрсетпек.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button