Спорт

Әзірге жеті команда белгілі

Оңтүстік Африка стадиондарының дүбірі үдей түсуде. Алғашқы ойында жеңіліс тапқан испандықтар Гондурасты 2:1 есебімен ұтып, жағдайын жақсартып алды. Португалия КХДР командасының қақпасына жауапсыз 7 доп соғып, футбол жанкүйерлерінің назарын өздеріне аударды. Бұл әзірге чемпионаттағы ең ірі есеп. Ал допты дөңгелете тебе білетін француздар шаң қауып қалды. Соңғы ойында еуропалықтар қара құрлық өкілдері — алаң иелерінен 1:2 есебімен жеңіліс тапты.

Бүгінгі күні жарыстың келесі сатысына жолдаманы қанжығаларына байлап алғандардың бірқатары белгілі болды. «А» тобында екі рет жеңіп, бір рет тең ойнаған Уругвай топ басынан көрінді. Екінші жолдама Мексикаға бұйырды. Мексика мен ОАР құрамалары 4 ұпайдан жинаған еді. Алайда өзара кездесу 1:1 есебімен тең аяқталған болатын, доп айырмашылығымен мексикалықтар жарысты жалғастыратын болды. Осылайша енді алаң иелері қонақтардың ойынын тамашалуға мәжбүр.

«В» тобында Аргентина әп дегеннен қамшы басты. Мүмкін болған 9 ұпайды олжалаған Оңтүстік Америка өкілдері қарсыластарына 7 гол соғып, өз қақпасына 1 доп қана жіберіп алды. Ал Оңтүстік Корея 4 ұпаймен 1/8 финалға шықты. Сонымен қатар, Голландия, Бразилия және Чили өз топтарында мерейлері үстем болып, жанкүйерлерін қуанышқа бөледі. Доп додасын әрі қарай жалғастыратын командалардың тізімі 25 маусымда толық анықталады. Бір белгілісі, 1/8 финалда Уругвай мен Оңтүстік Корея кездесетін болады.

Әзірге топтардағы командалар былайша орналасты.

«А» тобы

Ойын Ұтыс Тең Жеңіліс Доп айыр. Ұпай
Уругвай 3 2 1 0 4:0 7
Мексика 3 1 1 0 3:2 4
ОАР 3 1 1 2 3:5 4
Франция 3 0 1 2 1:4 1

«В» тобы

Ойын Ұтыс Тең Жеңіліс Доп айыр. Ұпай
Аргентина 3 3 0 0 7:1 9
Оңтүстік Корея 3 1 1 1 5:6 4
Грекия 3 1 0 2 2:5 3
Нигерия 3 0 1 2 3:5 1

«С» тобы

Ойын Ұтыс Тең Жеңіліс Доп айыр. Ұпай
Словения 2 1 1 0 2:1 4
Англия 2 0 2 0 1:1 2
АҚШ 2 0 2 0 3:3 2
Алжир 2 0 1 1 0:1 1

«Д» тобы

Ойын Ұтыс Тең Жеңіліс Доп айыр. Ұпай
Гана 2 1 1 0 2:1 4
Германия 2 1 0 1 4:1 3
Сербия 2 1 0 1 1:1 3
Австралия 2 0 1 1 1:3 1

«Е» тобы

Ойын Ұтыс Тең Жеңіліс Доп айыр. Ұпай
Голландия 2 2 0 0 3:0 6
Жапония 2 1 0 1 1:1 3
Дания 2 1 0 1 2:3 3
Камерун 2 0 0 2 1:3 0

«Ғ» тобы

Ойын Ұтыс Тең Жеңіліс Доп айыр. Ұпай
Парагвай 2 1 1 0 3:1 4
Италия 2 0 2 0 2:2 2
Жаңа Зеландия 2 0 2 0 2:2 2
Словакия 2 0 1 1 1:3 1

«G» тобы

Ойын Ұтыс Тең Жеңіліс Доп айыр. Ұпай
Бразилия 2 2 0 0 5:2 6
Португалия 2 1 1 0 7:0 4
Кот-д- Ивуар 2 0 1 1 1:3 1
КХДР 2 0 0 2 1:9 0

«Е» тобы

Ойын Ұтыс Тең Жеңіліс Доп айыр. Ұпай
Чили 2 2 0 0 2:0 6
Испания 2 1 0 1 2:1 3
Швейцария 2 1 0 1 1:1 3
Гондурас 2 0 0 2 0:3 0

Соңғы ойындар мынадай есептермен аяқталды.

«А» тобы

Франция-ОАР-1:2, Мексика-Уругвай-0:1.

«Е» тобы

Испания-Гондурас-2:0, Чили-Швейцария-1:0.

«Q» тобы

Португалия-КХДР-7:0.

***

Еуропалық қарсыластар кімдер?

Чемпиондар лигасындағы қарсыластар белгілі болды. Тартылған жеребе бойынша «Ақтөбе» екінші квалификациялық раундта Грузияның «Олимпи» (Рустави қаласы) командасымен кездеседі. Ал Еуропа лигасының раундтық турнирінде Қарағандының «Шахтеры» Польшаның «Рух» командасымен ойнайды. Қостанайдың «Тобылы» Босния және Герцеговинаның «Зриньски» командасын қабылдайды. Ал «Атырау» Словакияның «Нитра» және Венгрияның «Дьор» командалары арасындағы жеңімпазбен жарысты бастайды.

***

«Ақтөбе» жерге қаратты

22 маусымда Қазақстан чемпионатының XVI турында «Ақтөбе» Астананың «Локомотивін» қабылдады. Өкінішке қарай, алғашқы айналымда Астанада 1:0 есебімен жеңіске жеткен жерлестеріміз жеңісті жолды жалғастыра алмады.

Ойынның 31 минутында Мақсат Құрмашев әдемі гол соғып, «Ақтөбені» алға шығарды. Алайда ойынның екінші жартысында Игорь Бугаев төреші Сергей Гороховодацкий белгілеген пенальтиді қапы жібермей, есепті теңестірді. Алма-кезек шабуылдаған қос команда тек 3 ұпай үшін күресті. Ақыры 89 минутта біздің Сидельниковтың осал тұсын тапқан «Ақтөбенің» өткен жылғы ойыншысы Сергей Остапенко есепті 2:1-ге жеткізді. Осылайша біз ұтылып қалдық, ал «Локомотив» есе қайырды.

Бұл ойында Ақтөбе балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі Мақсат Құрмашев өз ойынымен ерекшеленді. Мақсат шабуыл өтінде допты өзі де қақпаға бағыттап, әріптестеріне де жаңылыспай пас беріп отырды. Оның бірнеше мәрте соққысы стадиондағы жанкүйерлерді бір серпілтіп отырды. Ал чемпионаттың екінші жартысы басталса да, шабуылшы Мұрат Тілешевтің бабы келер емес. Әзірге Мұраттың пайдасы тимей тұр.

Қалған матчтар былай аяқталды:

«Тобыл»-«Ордабасы»-2:0, «Ақжайық»-«Жетісу»-0:2, «Атырау»-«Оқжетпес»-1:0, «Шахтер»-«Қайрат»-1:0, «Тараз»-«Ертіс»-1:1.

Бетті әзірлеген Бердібай КЕМАЛ.

Басқа жаңалықтар

One Comment

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button