Әлеумет

Діни тұрақтылық — қауіпсіздік кепілі

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы бойынша ақпараттық топ Қарғалы ауданын аралады.

Үш күн бойы ауданның шалғай ауыл-аймағын аралаған топ мүшелері әлеуметтік проблемаларды шешуге ықпал етті. Алғашқы күні аудан орталығындағы білім ордаларында кездесулер өткізді. «Жасөспірім және заң», «Дін және дәстүр» деген тақырыпта баяндамалар оқылды. Мәселен, облыстық дін істері басқармасынан келген мамандар жастарға дәстүрлі дін мен жат ағымдардың айырмашылығын айтып берді. Мектеп оқушыларына әлеуметтік желіні пайдаланған кезде сақ болу керектігін, оның ішінде діни ақпараттарды кез келген сайттан алуға  болмайтынын түсіндірді. Жалпы Қарғалы ауданында діни ахуал тұрақты.

Облыстық білім басқармасының мамандары да мектеп ұжымдарымен кездесті. Ақпараттық топ аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен «Діни тұрақтылық — қоғам қауіпсіздігіне кепіл» тақырыбында жиын өткізді. Мамандар діни экстремизмнен сақтану жолдарын түсіндірді. Қауіп төнген жағдайда қалай әрекет ету керектігі айтылды.

Сондай-ақ топ мүшелері Петропавл, Ш.Қалдаяқов, Қосестек, Велиховка, Жосалы, Қайрақты, Степной ауылдарына барды. Ауыл тұрғындарымен кездесулер өтті. Арнайы ақпараттық парақшалар таратылды. Мемлекеттік бағдарламалар туралы айтылды.

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы бойынша ақпараттық топтың жұмысы Қарғалы ауданымен аяқталды.

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button