Денсаулық

«Өз мәртебеңді біл!» челленджі басталды

Осындай атаумен Ақтөбеде Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында челлендж басталды. Бұл шара  ЖИТС-ке қарсы  күрес күнінің отыз жылдығы аясында ұйымдастырылды.

Челленджге облысқа белгілі спортшылар, яғни панкратион бойынша әлем чемпиондары Сергей Морозов, Жалғас Жұмағұлов және грэпплинг бойынша Қазақстан чемпионы, бас төреші Талғат Оразалин  қатысты.

1988 жылдан бастап жүргізілген ЖИТС-ке қарсы шаралар айтарлықтай нәтижесін берді. Дегенмен шешілмеген мәселелер әлі де бар. Оның ішінде АИТВ, яғни адам иммун тапшылығы вирусынан сақтану, жұқтырған жағдайда қалай емделу керектігін білмейтіндер кездеседі. Егер адамнан АИТВ анықталса, ол антиретровирустық терапия қабылдауы қажет. Облыста 1989 жылдан бастап АИТВ жұқтырған 373 адам тіркелген. Оның ішінде 37 адам ЖИТС сатысында болса, 32 адам көз жұмды. Өзге аймақтармен салыстырғанда біздің облыста аурушаңдық көрсеткіші төмен. АИТВ жұқпасы негізінен жыныстық жол арқылы таралып отыр. Соңғы он айда 43 адамнан вирус анықталды. Оның ішінде 20-29 жас аралығындағы 19 адам бар.

Сондай-ақ ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында  облыстық ЖИТС орталығында дөңгелек үстел өтті. Шараға «КazMSA», «Y-PEER» жастар ұйымдары мен жастар ресурстық орталығы және «Сенім тірек» қоғамдық бірлестігі, Қызыл Ай қоғамы мен ведомстволық және медициналық ұйымдардың өкілдері қатысты. Жиында мамандар жастарға жұқпалы иммун тапшылығы синдромының алдын алу, жұқтырған жағдайда қалай емделу керектігі жөнінде айтты.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button