Мәдениет

«Аққудың» асуы

Осымен 21-ші рет ұйымдастырылған халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінде «Аққу» би ансамблі жүлделі ІІ орынға ие болды. «Хореография» номинациясы бойынша ұзын саны 26 өнер ұжымы бақ пен бабын ортаға салыпты.

Құрылғанына 18 жыл толған ансамбльдің көркемдік жетекшісі — ҚР Мәдениет саласының үздігі Омар Мәмбетов. 16 ақтөбелік өнерлі қыздан құралған ұжым қазылар алқасының алдында «Ененің тәрбиесі» мен «Япурай» билерін паш еткен.

— Бұған дейін талай байқауларға қатысып жүрміз ғой. Сондықтан «Шабытқа» да үлкен дайындықпен бардық. Еңбегіміздің ақталғаны болар, үздіктердің қатарынан көріндік. Әрине, бұл біз үшін үлкен қуаныш, — дейді «Аққудың» бас балетмейстері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлнәр Мәмбетова.

Аталған ансамбльдің Ақтөбенің ғана емес, еліміздің ең үздік һәм кәсіптік ұжым екені баршаға белгілі. Олар көптеген облыстық, қалалық мәдени шараларға белсене қатысып, әртүрлі билерді орындайды.

Жалпы, биылғы байқау 5 аталым бойынша өтті: «Классикалық музыка», «Халық музыкасы», «Эстрадалық вокал», «Хореография» және «Журналистика». Оған ұзын саны 600-ден астам адам қатысқан.

Ақтөбелік би ұжымы «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінде диплом, арнайы мүсін мен 200 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Жүлде құтты болсын, «Аққу»!

Айбек ТАСҚАЛИЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button