Жаңалықтар

Құрылыстың сапасын қатаң бақылауды тапсырды

3 қараша күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Ақтөбе қаласындағы бірқатар ауылшаруашылық және әлеуметтік нысандарды аралады. 

Облыс басшысы алдымен қала сыртындағы «СХФ Пригородный» ЖШС тұрақтандыру қорының көкөніс сақтау қоймасына барды. Бұл жерде картоп, пияз, қырыққабат, қызылша, т.б. көкөністер сақталған. Шаруашылық жылына 3,5 мың тоннадан астам картоп пен 2,5 мың тоннадан астам көкөніс өндіруді қолға алған. Қазіргі таңда шаруашылықта 45 адам жұмыс жасайды. Олардың бәрі де — жергілікті тұрғындар. Серіктестік басшылығы алдағы уақытта Ақтөбе қаласын жергілікті картоп және көкөністермен толықтай қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Бұдан кейін аймақ басшысы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында, облыстық балалар ауруханасына жапсарлас тұрғызылып жатқан онкогематологиялық орталықтың құрылысы барысымен танысты. Орталық ғимараты 2019 жылдың төртінші тоқсанында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Құрылыстың инвесторы — словакиялық «Н-Н ТЕСНNІКА» ЖШС бас директоры Ян Хован. Аймақ басшысы аталған құрылысты уақытында тапсыруға әрі сапалы болуын қамтамасыз етуге тапсырма берді.

Б.Сапарбаев облыстық перинаталдық орталықтың құрылысымен де танысты. Кеңес беру-диагностикалық бағытында 190 орынға жасақталған орталықтың құрылыс жұмыстарымен танысқан облыс әкімі бұл әлеуметтік нысанның аймаққа аса қажеттігін баса айтып, келешекте өңір тұрғындарының денсаулығын жақсартуғасептігі тиетінін атап өтті.

Облыс әкімі Жаңақоныс елді мекеніндегі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы, медицина кластерін дамыту аясында, құрылысы басталған Сheck-up center орталығындағы жұмыстарымен де танысты.  Бұл орталық келер жылдың соңында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Облыс басшысы жұмыс сапарын қорытындылай келе, сала бойынша жауапты мемлекеттік органдар басшыларына әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмыстарының сапалы әрі уақтылы аяқтауын қатаң бақылауға алу жөнінде тапсырмалар берді.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button