Спорт

Қызығы мен шыжығы көп бұл футбол

Футболдан доп додасы күннен-күнге қыза түсуде. Жанкүйерлер Германияның шабысын байқады. Австралияны 4:0 есебімен тізе бүктірген немістер басқаларға сес көрсетіп қойғандай. Голландияның бойшаң жігіттері футболда өз орны бар Данияны 2:0 етіп ұтты. Гректерді қапы қалдырған Оңтүстік Корея да үміт отын маздата түсті. Кот-д Ивуар футболшылары португалдықтармен тең ойнап, жанкүйерлердің аузын аштырды.

Жұрт әлемнің бес дүркін чемпионы, екі рет күміс, екі рет қола медальды иеленген бразилиялықтардың ойынын асыға күткен болатын. Және көпшілік оңтүстік америкалықтар КХДР-ны оңай жеңеді деп ойлады. Бұған қарсы пікір айтушылар да болды. Өйткені 1966 жылы әлем чемпионатында КСРО-дан ұтылып, Чилимен тең ойнап, Португалияны 3:0 есебімен жеңіп жатып, жеңісті уысынан шығарып алса да, келесі айналымға топтағы екі команданың бірі болып шығып, тіпті, ширек финалға жеткен КХДР футболшыларынан бәрін де күтуге болатын еді. Ойынның алғашқы жартысы тең аяқталды. Кәрістер Бразилияның Кака, Бастос, Майкон сынды шеберлерінің аяқтарын тұсап тастады. Тек екінші кезеңде ғана есеп ашылды. Оң қанаттан пас асырған Майконның дөңгелене ұшқан добының бағыты өзгеріп, қақпадан бір-ақ шықты. Мұны Майконның өзі де күтпеп еді. Қуаныштан жылап жібере жаздады. Ойын 2:1 есебімен бразилиялықтардың пайдасына шешілді. Бірақ ойын барысына көңілі толмағандардың «Әттең, Роналдиньо жоқ» деп көкіректері қарс айрылуда.

Бұл біріншіліктің басы ғана. Әлі талай қызықтар бола жатар.

Жанкүйерлер үшін чемпионат ойындарының нәтижесін түгел беріп отырмыз.

А тобы

Мексика-ОАР-1:1, Уругвай-Франция-0:0.

В тобы

Оңтүстік Корея-Грекия-2:0, Аргентина-Нигерия-1:0.

С тобы

Словения-Алжир-1:0, Англия-АҚШ-1:1.

Д тобы

Германия-Австралия-4:0, Гана-Сербия-1:0.

Е тобы

Голландия-Дания-2:0, Жапония-Камерун-1:0.

F тобы

Италия-Парагвай-1:1, Жаңа Зеландия-Словакия-1:1.

G тобы

Бразилия-КХДР-2:1, Кот-д Ивуар-Португалия-0:0.

Н тобы

Гондурас-Чили-0:1, Испания-Швейцария-0:1.

Бердібай КЕМАЛ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button