Жаңалықтар

«Е-коммерция»: бүгін және ертең

Осындай тақырыппен Ақтөбеде алғаш рет облыстың кәсіпкерлік субъектілеріне арналған семинар өтті. Мақсат — Елбасы Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды орындау. Шараны облыстық кәсіпкерлік және  мемлекеттік кірістер басқармасы  мен «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы, «Қазпошта» АҚ облыстық филиалы ұйымдастырды.

«Е-коммерция» —  интернет арқылы сату, онлайн. Әлемде сауданың бұл түрі кеңінен дамыған. Біздің елімізде де соңғы жылдары интернет жүйесі арқылы сауда жасайтындар мен сатып алушылардың қатары көбейіп келеді. Күнделікті өмірде  ұсақ-түйектен бастап, ірі заттарға дейін интернет арқылы тапсырыс беріп, сатып, сатып алып отырғандар бар. Бұрын осы жолмен сауда-саттық жасайтындарға қызмет көрсететін арнайы орындар болған жоқ. Кейінгі кезде  ғана қолға алынуда.  Жалпы интернет жүйесі арқылы сауда жасау саудагердің шығынын азайтады.

— Мәселен, кәсіпкер сауда жасау үшін ғимаратты жалға алмайды, қосымша жұмыс күшін тартпайды. Соңғы кезде интернет желісі арқылы сауда жасайтындарды мемлекет салықтан босатып отыр. Қазір интернеттің бір тиімдісі — осы, — деді кәсіпкерлік басқармасының бас маманы Айнұр Сарқұлова.

Семинарда интернет жүйесі арқылы сауда жасаудың қыр-сыры айтылды. Астана қаласынан арнайы келген спикерлер Еркебұлан Дүйсенбаев, Әсемгүл Бүркітбаева, Айзат Жүкенова, Жұман Әділет интернет арқылы тауарды қалай сатуға болады, «Bay» сату бойынша кейс алу, логистика, тауарларды автоматтандыру секілді тақырыптарда  тренинг өткізді. Жергілікті спикерлер интернет дүкен ашу, шағын және орта бизнес үшін салық кодексіндегі өзгерістер, виртуалды кеңес секілді тақырыптар төңірегінде өз кеңестерін айтты. Екі жүзге жуық бизнес өкілдері тренингке қатысты.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button