Басты жаңалықтар

Оқырмандармен жүздесті

Баспасөз — 2019

Осы аптада «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің бас редакторлары Бауыржан Өтеулиев пен Айгүл Нұркеева Ойыл, Қобда, Алға аудандарын аралап, оқырмандармен жүздесті.

Былтыр Ойыл ауданында облыстық газеттердің  күні өтіп, оқырман қауым  бір желпініп қалған болатын. Биылғы кездесу де жылы рәуіште өтті. Бас редакторлар «Ақтөбе Медиа» ЖШС құрамындағы басылымдардың жай-күйімен таныстырды. Облыс әкімінің қамқорлығымен облыстық газеттердің бір ғасыр ішінде  тұңғыш рет жеке баспанаға қол жеткізгендігі  айтылды. Биыл «Актюбинский вестник» газетінің 100 жылдық мерейтойы аталып өтілетіндігі, келесі жылы «Ақтөбе» газетінің 95 жасқа «толатыны» да сөз болды. Оқырмандар да газеттерде шығып жатқан мақалалар туралы әңгіме өрбітіп, ұсыныс-тілектерін жеткізді.

Кездесу соңында бас редакторлар еңбек ардагерлері  Орынғали Мұқановқа «Ақтөбе», Вера Рязанцеваға «Актюбинский вестник» газеттеріне, Қуаныш Әміровке «Адырна», Зоя Дауылбаеваға «Үш таған» журналдарының сертификаттарын табыс етті. Бұл құжат бойынша,  олар аталған басылымдарға бір жылға тегін жазылуға мүмкіндік алады.

Қобда ауданындағы кездесуде де әдемі әңгіме болды. Бас редакторларға ауданда жасалып жатқан жұмыстар таныстырылды. Олар өз кезегінде облыстық газеттердің бүгінгі ахуалы  туралы әңгімеледі. Басылымдар сайттарының әлеуметтік желілердегі белсенділігі, ондағы оқырмандар туралы айтылды.  Жарсай селолық округіне «Ақтөбе», аудандық аурухана ұжымына «Актюбинский вестник» газеттерінің, Қобда гимназиясына «Адырна», Қобда орта мектебіне «Үш таған» журналдарының сертификаттары табыс етілді.

Алға ауданындағы кездесуде оқырмандар басылымдарда мұғалім мәртебесі туралы көбірек әңгіме қозғалса деп тілек айтты. Қазпошта қызметіне ризашылықтарын білдірді. Сөз арасында айта кетейік, қай аудандағы кездесуде де аталған мекеменің атына жылы лебіздер білдірілді. Өйткені Қазпошта газет шыққан күні оны оқырманның қолына тигізіп отыр.

Алғадағы үлкендер жиі бас қосатын орын — аудандық ардагерлер кеңесі екен. Сондықтан басылымдарға бір жылға тегін жазылу сертификаттары осы мекемеге берілді.

Кездесулер әлі де жалғасатын болады.

Өз тілшіміз.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button