Жаңалықтар

Барлық еңбеккерлердің жалақысы көбейтіледі

Асан ИБРАЕВ,

«Ақбұлақ» АҚ бас директоры:

— Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Адам еңбекқор болып, өз кәсібін жақсы меңгергенде және лайықты жалақы алуға немесе жеке кәсіп ашып, оны дамытуға мүмкіндік болған кезде табыс артады.

Мемлекет пен адамдардың күш біріктіруінің арқасында ғана біз Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құра аламыз», — деп атап өтті. Осы орайда Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе өсіру тапсырылды. Жолдауда атап көрсетілгендей, енді ең төменгі жалақының жаңа мөлшері бүкіл экономика ауқымындағы еңбекақы өсімінің катализаторына айналады.

Біздің кәсіпорында 1271 адам еңбек етеді. Соңғы жылдары, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша, біз еңбеккерлер жалақысын тұрақты түрде көбейтіп келеміз. 2016 жылы өндірістегі еңбеккерлердің жалақысын 7 пайызға көтердік. Ал келесі, 2017 және 2018 жылдары кәсіпорында тек өндірістік емес, оларға қоса әкімшілік қызметкерлердің де жалақысы өсті. Мысалы, биылғы жылдың басында әкімшілік қызметкерлердің жалақысы — 10 пайызға, өндірістегі еңбеккерлердің жалақысы 15 пайызға көтерілді. Бүгінгі күні «Ақбұлақ» акционерлік қоғамында орташа жалақы мөлшері — 101 мың теңге, ең төменгі жалақы — 60 мың теңге.

Осы үш жыл бойы бір ғана адамның айлығын өсіруге рұқсат бермедім, ол — кәсіпорын басшысы, яғни өзімнің айлығым.

2017 жылды біз 31 миллион теңге шығынмен қорытындылаған едік, ал 2018 жылдың бірінші жартысын, керісінше, табыспен аяқтадық. Сондықтан алдағы 2019 жылы да кәсіпорын еңбеккерлерінің айлығын көбейтуді жоспарлап отырмыз. Қазіргі күні тиісті мамандар осы мәселені қолға алып, кімнің айлығы қанша мөлшерде көбейетінін есептеп жатыр. Оларға ең төменгі жалақы алатын еңбеккерлердің айлығын көбірек мөлшерде өсіруге тапсырма берілді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button