Әлеумет

Әңгіме өзегі — табыс пен тұрмыс

Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Кеше Энергия тиімділігі орталығының ғимаратында «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында құрылған мобильді топ Елбасының Жолдауын түсіндіру мақсатында Алматы ауданы әкімдігінің қызметкерлерімен, жастармен кездесті. 

Мобильді топ құрамында облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Бақыт Айдосов, ҚР Мәдениет қайраткері Еркін Құрманбек, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Убайдулла Мәмбетов, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры» КЕҚ Ақтөбе облыстық филиалының бөлім басшысы Салтанат Оңғар бар.

Кездесуде Алматы ауданының әкімі Алмаз Әлімбаев жиналғандарға мобильді топтың мүшелерін таныстырып, жоба аясында қолға алынған бірқатар жұмыстарды атап өтті.

Басқосуда ақпараттық топ мүшелері Елбасы Жолдауында айтылған негізгі бағыттар мен міндеттерге тоқталып, елімізде мемлекеттік салалық бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы кеңінен әңгімеледі.

Сондай-ақ жиында «Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры» КЕҚ Ақтөбе облыстық филиалының бөлім басшысы Салтанат Оңғар жиналғандарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы жан-жақты баяндап берді.

Бұл күні Елбасының биылғы Жолдауын түсіндіру мақсатында тағы бір мобильдік топ К.Нокин елді мекеніндегі «Izet Green House» жылыжай кешенінің жұмысшыларымен кездесті.

Басқосуда топ мүшелері Елбасы биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында тұрғындардың әлеуметтік жағдайын, табыс пен тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған маңызды тетіктер айтылғанын, алдағы уақытта осы міндеттерді орындауда нәтижелі жұмыс жасау керектігін айтып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ топ мүшелері облыста жүзеге асырылып жатқан «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының маңыздылығына да тоқталып өтті.

Шара соңында топ мүшелері жұмысшылардың сауалдарына жауап берді.

Д.ТАУАНОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button