Әлеумет

38 шара өтіп, 3640 адам қамтылды

Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Ақтөбелік полицейлер «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында Ақтөбенің Алматы ауданына қарасты селолық  округ тұрғындарымен кездесті.

Жоба басталған екі күннің ішінде студенттер мен оқушыларға және мекеме қызметкерлерінің арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тренинг өткізді. Оның ішінде қоғамдық қауіпсіздік, тәртіп мәселесі және лаңкестік оқиғалар орын алған жағдайда қалай әрекет ету керектігі айтылды.  Мәселен, М.Арын атындағы Қарғалы орта мектебі, №60, №50, №53, №46, №18, Ақжар, Благодар, Пригородный, К.Нокин атындағы және Қызылжар орта мектептері мен Ақтөбе облыстық арнайы  мамандандырылған көп профильді лицей интернаты оқушыларымен кездесу өткізілді. Мұғалімдер мен оқушыларға  «Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу шаралары туралы»  баяндама жасалды. Жасөспірімдердің көкейіндегі сауалдарға жауап берілді. Сонымен қатар төтенше жағдай болған кезде қалай сақтануға болатындығы тәжірибелік жаттығулар арқылы көрсетілді. Жалпы екі  күн ішінде  38 шара өткізіліп, 3640 адам қамтылды. Сондай-ақ 500ден астам ақпараттық парақшалар үлестіріліп, әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» шарасы аясында мемлекеттік мекемелер қызметкерлері арасында да  лаңкестік жағдайда қалай қимылдау керектігі және алдын алу шараларына арналған психологиялық тренингтер өткізілді.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жоба басталған күннен бастап  «Мигрант», «Қару» және « Жасөпірім » жедел профилактикалық шаралары жүргізіліп жатыр.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button