Мәдениет

Сағынышқа толы сазды кеш

Өнер

Бейсенбі күні Ақтөбе қалалық Мәдениет үйінде әнші, музыкант, композитор Батырхан Шүкеновті еске алу кеші өтті.

«Ақтөбе» вокалды-аспаптар ансаблінің ұйымдастыруымен өткен кеште әншінің «халық әндеріне» айналып кеткен туындылары орындалды.

— Бүгінгі кешті өткізу менің идеяма жатпайды. Бұл өткен жылы ғана өмірден өткен өнердегі ұстазымыз — Қази Жасекенов ағамыздың ойы болатын. Өкінішке қарай, ол өзінің бұл мақсатын жүзеге асырып үлгермеді. Кейін ойлана келе, келер ұрпақ Батырханды білсін, әндерін тыңдасын, ұмытпасын деген ниетпен осы шараны өткізуді қолға алдық, —  дейді «Ақтөбе» вокалды-аспаптар ансамблінің музыкалық жетекшісі Дина Ниязова.

Үш жарым сағатқа созылған сағынышқа толы сазды кеште ине шаншар орын болмады. Көрермен сүйікті әншісінің әндерін қосыла шырқап, сағыныштарын бір басқандай болды. Кештің өтуіне үлесін қосқан Дина Ниязованың айтуынша, бұл соңғы кеш емес.

— Бүгінгі кешке келушілердің ықыласын, келуге ниет білдірген жандарды көріп, біз мұны қайталау керектігін түсіндік. Батыр — өнерде есімі үлкен әріптермен жазылған адам. Оның тек Ақтөбенің өзінде ғана мыңдаған тыңдарманы бар. Ол — көпшіліктің жүрегінен орын тапқан жан. Ол өмірден өткенімен, ешқашан өлмейді. Оның әндері тыңдарман жүрегінде мәңгі қалады, — деді ол.

Кеш барысында әнші туралы естеліктер айтылып, экраннан оның жарқын бейнесі көрсетілді.

Кеш соңында әншінің өнер туындыларын ақтөбелік көрерменге әдемі жеткізе білген өнер иелеріне Ақтөбе қаласы әкімі Ілияс Испановтың атынан ықылас гүлі ұсынылды.  

Ақерке САТЫБАЛДЫ

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button