Спорт

Жолдама иегерлері — Нұрсұлтан мен Манат

Қазақстан Бас мүфтиінің жүлдесі үшін қазақ күресінен V республикалық турнирге берілетін жолдамалар иегерлерін анықтау мақсатында ақтөбелік палуандар арасында іріктеу сайысы өтті.

Ақтөбедегі «Жастар» балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде өткен сайысқа 90 келіден жоғары салмақ дәрежесі бойынша 15 кәсіпқой спортшы қатысты. Сайысты тамашалауға қазақ күресі бойынша біздің облыстан шыққан тұңғыш спорт шебері Зейнолла қажы Төлеутаев, облыстың бас имамы Төлеби Оспан, мешіт имамдары мен қалың көпшіліккелді.

Палуандар жекпе-жегіне облыстық қазақ күресі федерациясының жаттықтырушылары төрешілік етті. Бас төреші Бақтыбай Қисықовболды.

Бірнеше сағатқа созылған спорттық бәсекеде мұғалжарлық палуанНұрсұлтан Иманғазин жеңімпаз атанды.Ал ақтық кездесуге дейін жеңіліссіз жеткен шалқарлық Манат Емжаров екінші орынға табан тіреді. Ырғыздық палуан Амангелді Әділбек — ІІІ орын иегері.

Жүлделі орындарға ие болған палуандарға грамоталар мен қаржылай сыйақылар табысталды. «Нұр Ғасыр» мешітінің атынан қатысқан спортшы Жолмырза Әлiмжан ынталандыру сыйлығына ие болды. Сондай-ақ, барлық палуандар Алғыс хаттармен марапатталды.

Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған қазақ күресінен республикалық дода қазан айында өтеді. Онда Ақтөбенің намысын Нұрсұлтан Иманғазин мен Манат Емжаров қорғайтын болады.

Индира ІЗБАСҚАН,

Облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің

баспасөз хатшысы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button