Мәдениет

Мешіт пен музейге экскурсия жасады

Тәрбие

Студент жастар дінімізді, мәдениетіміз бен салт-дәстүрлерімізді жақсы білуі керек. Ізденген адамға бұл бағыттарға тәрбиелеудің жолдары да аз емес. Жақында қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың мемориалды музейінің және Ақтөбе политехникалық коледжінің ұйымдастыруымен аталған колледждің бірінші курсында оқитын студенттер облыстық «Нұр Ғасыр» мешіті мен «Руханият» музейіне экскурсия жасады.

Студенттер «Нұр Ғасыр» мешітінде болған кезде осы мешіттің имамы Төлеби Оспан дәстүрлі дініміз, мұсылмандық ұстанымдар туралы әңгімелеп, уағаздар айтты. Ал «Руханият» музейінің басшысы Қыдырғали Мұхитұлы  құнды жәдігерлерге сүйене отырып, мәдени орынның мақсат-мүддесі хақында тәрбиелік сабақ өткізді. Әлия музейінің қызметкері Ғалымжан Байдербес, Ақтөбе политехникалық колледжі директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Ақгүл Жүметева жастарға ар мен ұят, жалпы имандылық туралы нақты деректер келтіре отырып, қызықты әңгімелер айтып берді.

Экскурсия жүргізген «Руханият» музейінің ғылыми қызметкері  Саяжан Әбішева, музей әдіскері Гүлзира Үрдешова облыстық мешіттің тарихы, музейдегі жаңалықтар жайында баяндады.

Бұл мешіт Ақтөбе қаласында 2008 жылы салынды. Еліміз егемендік алғанға дейін облыста бір-ақ мешіт болған екен. Ал қазір облыс өңірінде 67 мешіт жұмыс істейді.

 А.ҚАЗЕКЕНОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button