Жаңалықтар

Кәсіпкерлерге демеу береді

Әйгерім ТҰРАБЕКОВА,

жас кәсіпкер:

— Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне арналды. Әсіресе халықтың әл-ауқатын арттыру, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік саланы қолдау мәселелеріне баса назар аударылды. Сондай-ақ шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту жолдары айқындалып, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы 2025 жылға дейін ұзартылды.

«Біз 2010 жылы «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасын іске қостық. Өңірлерге жұмыс сапарым барысында мұның тиімділігіне көз жеткіздім. Бағдарламаның қолданылу мерзімін 2025 жылға дейін ұзарту керек. Осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін жыл сайын қосымша кемінде 30 миллиард теңге бөлуді қарастыру қажет», — деді Елбасы өз Жолдауында. Президентіміздің айтуынша, бұл бағдарлама үш жыл ішінде 22 мың жаңа жұмыс орнын ашуға, бюджетке 224 миллиард теңге салық түсіруге және 3 триллион теңгенің өнімін өндіруге мүмкіндік бермек.

Сондай-ақ, Президент 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап,  шағын және орта бизнеске салықтық амнистия жариялауды ұсынды. Егер кәсіпкер негізі салықты төлейтін болса, оған бұған дейінгі салынған айыппұлдары жойылатын болады. Әрине, Елбасының осындай қолдауы мен секілді жас кәсіпкерлерге тың серпін берері сөзсіз.

Биыл Әйтеке би ауданында бөдене шаруашылығымен айналысуды бастадым.

Алдағы уақытта кәсібімді одан әрі жандандырып, ауданымыздың өркендеуіне барынша атсалысамын деген ниеттемін.

 Әйтеке би ауданы.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button