Спорт

Жарыс жолына 200 спортшы шықты

Қаланың Кірпішті аумағында жыл сайынғы дәстүрлі облыстық «Алтын күз» жеңіл атлетикалық жарысы өтті. Оған аудандардың және спорт мектептерінің құрама командалары қатысты. Жарыс жолына барлығы 200-ден астам спортшы шықты.

Жарыстың салтанатты ашылу сәтінде еліміздің ұлттық төрешісі, Мәртөк спорт мектебінің полиатлон мен шаңғы жарысы бойынша тәлімгері Алима Закирзяноваға Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері салалық кәсіподағының Құрмет грамотасы тапсырылды. Ол бұл марапатқа Еңбек күні мерекесіне орай, өңірде қырық жыл бойы спортты дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ие болды.

Жеңіл атлетикалық жарыс қорытындысымен жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен сыйлықтар тапсырылды.

 А.ҚАЗЕКЕНОВ,

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button