Жаңалықтар

Студенттер қарттар үйіне барды

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжінің №2 Студенттер үйінің парламент ұйымының белсенділері қаламыздағы қарттар мен мүгедектер үйіне барды. Тағдырдың жазуымен осы үйге келген қариялардың көңілін аулап, мерекелік кеш өткізді.

— Әдеттегідей қарттар үйіне барып, концерт қойып кету деген мақсат болған жоқ. Мақсатымыз осында тағдырдың айдауымен келген қамкөңіл аталар мен әжелердің бір сәт болса да көңілін жадырату еді. Жастар қариялармен сөйлесті, сырласты, көңілде жүрген айтар ойларын тыңдады. Қариялар жастарды жібергісі келмеді. Келіп тұруларын өтінді. Мұндай кездесулер жастарды мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелейді, — дейді Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжінің №2 Студенттер үйінің тәрбиешісі Гүлбану Жұмағазина.

М.САТАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button