Жаңалықтар

Лондонда Димаштың тұңғыш жеке концерті өтеді

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің жеке концерті 19 қараша күні Ұлыбритания төрінде өтетін болды. Лондон қаласындағы айтулы концерт залдарының бірі — Royal Festival Hall ғимаратында өтетін кешті ұйымдастыруға Қазақстан Респуликасы Мәдениет және спорт министрлігі ұйытқы болып отыр. Оған Ұлыбританиядағы Қазақстан елшілігі қолдау көрсетеді.

— Димаш Құдайбергеннің «DQ» атауымен өтетін жеке шығармашылық кешінде  Лондондағы тыңдарман жас әншінің жаңа концерттік бағдарламасын бірінші болып көреді. Кеш барысында бұрыннан таныс шығармалар мен жаңадан жазылған әндер де шырқалады. Димаштың әр сахнаға шыққаны миллиардтаған тыңдарманының көңілін қозғап, серпіліс туғызатыны белгілі. Сондықтан бұл жеке концерт Димаштың әлемнің әр түкпіріндегі тыңдарманы, жанкүйерлері үшін үлкен жаңалық болғалы отыр. Димаштың әлемдік шоуын онлайн арқылы көруге болады, ол үшін www.BiletiAstana.kz  сайтында тіркелу қажет, — деп жазды өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Аталған сайтқа тіркелген әр адамға жеке-жеке Димаштың Лондонда өтетін концертін онлайн тамашалау үшін RSVP бейдж беріледі. Тіркелу ақылы. Министрдің айтуынша, түскен қаражат Қазақстандағы талантты жастардың халықаралық деңгейдегі байқауларға қатысуын қолдау мақсатында жұмсалады.

 Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button