Жаңалықтар

Дәрігерлер қағазбастылықтан арылады

Дамыған заманда ел медицинасы да көшке ілесуі керек. Себебі технология жаңарған сайын медицина саласы да дамиды. Бұл туралы Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауында айтып жүр.

Бұл жолы да осы мәселеге кеңінен тоқталды. Келер жылдың бірінші қаңтарынан бастап құжаттарды цифрлық нұсқаға көшіру туралы айтты. Бұл — өте дұрыс қадам. Дәрігерлер қағазбастылықтан арылып, науқасқа көбірек көңіл бөледі.  Осы мәселені шешу үшін  аудандық ауруханаға 15 компьютер сатып алдық. Қазір аудандық аурухана толығымен цифрлық нұсқаға көшті. Жарлы дәрігерлік амбулаториясы да қағазбастылықтан арылды. Ал қалған емдеу мекемелері келер жылы толығымен  жаңа нұсқада жұмыс істейді.

Сондай-ақ қазір «DamuMed» бағдарламасын қолданып жүрміз. Бұл да цифрлық жүйеге көшудің алғашқы қадамы. Бұрынғыдай емес емханада кезек азайды. Науқастар дәрігерге ұялы телефон арқылы тіркеледі.

Жолдауда Елбасы учаскелік медицина қызметкерлерінің еңбекақысын кезең-кезеңімен жиырма пайызға көбейтуді тапсырды.  Бұл — дәрігерлер үшін жақсы жаңалық. Себебі қазір негізгі күш жалпы тәжірибедегі дәрігерге түседі. Оның ішінде  шалғай ауылдағы дәрігерлерге қиын. Егер еңбекақы көтерілсе, ауылдарға маман барар еді.  Қазір ауруханаға екі жалпы тәжірибедегі дәрігер қажет.

Жалпы Елбасы жолдауында айтылған проблемалардың барлығы өзекті. Оның ішінде медицина саласына ерекше көңіл бөлуі бізді қуантады.

Абзалбек ИМАНБАЕВ,

Байғанин аудандық ауруханасының бас дәрігері.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button