Жаңалықтар

Негізгі міндет — еңбек өнімділігін арттыру

Халыққа арнаған Жолдауларында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ауыл мәселесіне, ауыл шаруашылығын өркендету мәселесіне әрдайым көңіл бөледі. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында Елбасы агроөнеркәсіп кешенін «ақылды технологиялар» арқылы дамыту керектігін, аграрлық саясаттың еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы тиіс екенін атап көрсетті. Сондай-ақ, бес жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын, тиісінше, кем дегенде 2,5 есеге арттыруды тапсырды.

Елбасының жуырдағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында атап көрсетілгендей, алдағы жылдары осы бағыттағы жұмыстар жалғаса береді.

Халықтың табысын өсіру жолында алға қойылған міндеттердің бірі — агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру болып отыр. Осы орайда заманауи агротехнологияларды тарту, ауыл кәсіпкерлеріне шаруашылық жүргізудің жаңа дағдыларын үйрету үшін жаппай оқыту жүйесін қалыптастыру көзделген. Үкіметке осы мақсаттарға жыл сайын қосымша кемінде 100 миллиард теңге қарастыру тапсырылды.

Облыста «Ауыл» партиясының 600-ден астам мүшесі бар. Партия алдымен ауыл тұрғындарының мүддесін көздейді, ал Жолдауда жалпы халықтың, оның ішінде ауыл тұрғындарының да тұрмысын көтеруге, табысын арттыруға бағытталған бастамалар көп. Ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғырту, арнайы «Ауыл — Ел бесігі» жобасын іске қосу мақсаты алға қойылды. Сондықтан біз Жолдауды халыққа түсіндіру және насихаттау бағытында жоспарлы түрде жұмыс жасайтын боламыз.

Мирхан ДУАНБЕКОВ,

«Ауыл» әлеуметтік-демократиялық партиясы

облыстық филиалының төрағасы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button