Жаңалықтар

Болашақтың бағыты

Кеше Ақтөбе қаласы әкімдігінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауына байланысты жиын өтті.

Жиынға Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов, қала әкімінің орынбасарлары, қалалық мәслихат депутаттары, бөлім басшылары мен ардагерлер қатысты.

Жиынға жиналғандар тікелей эфирден Елбасының Жолдауын ұйып тыңдап, бірауыздан қолдайтындарын жеткізді.

Жиында Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов:

  • Елбасы Жолдауы — жыл сайынғы елеулі оқиға. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында еліміздің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын, елдің ағымдағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық ахуалын, халықтың әл-ауқатын арттыру шараларын айқындап берді. Елбасымыз мемлекет пен адамдардың күш біріктіруінің арқасында ғана біз ортақ еңбек қоғамын құра алатынымызды айта келіп, келер жылдан бастап халықтың әл-ауқатын, тұрмыс сапасын арттыру мақсатында тұрғын үйдің қолжетімділігі, тіршілікке және жұмыс істеуге қолайлы елді мекеннің және сапалы инфрақұрылымның болуы үшін қарқынды жұмыстар жасалатынын жеткізді. Бұл мақсатта алдағы уақытта біздің қаламызда да жүйелі жұмыстар жүргізілуі керек.

Айта кету керек, биылғы Жолдаудың ерекшелігі сол, Президентіміз алдыңғы Жолдауларында айтқан елді дамытуға бағытталған негізгі міндеттерді жаңғыртуы. Ал биылғы Жолдауда айтылған азаматтардың тұрмысын жақсарту, оларға жағдай жасау, тұрғындардың денсаулығы үшін бұқаралық спортты дамыту, әлеуметтік саладағы мәселелерді шешу, жұмыссыздықты жою, мұның бәрі бізге үлкен міндеттер жүктейді. Сондықтан осы отырған барлығыңызды Елбасының биылғы Жолдауын халыққа, облыс, аудан тұрғындарына түсіндіруде, насихаттауда жұмылып жұмыс жасауға шақырамын, — деді І.Испанов.

Жиын соңында депутаттар мен ардагерлер Елбасы Жолдауын бірауыздан қолдайтындарын жеткізді.

 Данагүл ҚАЗИХАН. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button