Жаңалықтар

Жаңарған істердің жалғасы

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауының ең басты маңыздылығы — бұл бұған дейінгі Жолдаудың лайықты жалғасы саналады. Елбасымыз кезекті Жолдауында да еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында басым бағыттарды айрықша атады. Президент бұл орайда еліміздің орнықты дамуы өмір сүру деңгейін одан әрі арттыруға деген зор сенім ұялататынын айтты. Жолдауда: «Бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен 35 пайызға өседі. Осы мақсаттарға 2019-2021 жылдарда  республикалық бюджеттен жыл сайын 96 миллиард теңге бөлу керек. Осыған орай, енді, ең төменгі жалақы  ең төменгі күнкөріс шегіне байланысты болмайды. Ең төменгі жалақының жаңа мөлшері бүкіл экономика ауқымындағы еңбекақы өсімінің катализаторына айналады», — делінген. Әрине, бұл білім беру, денсаулық сақтау сынды салалар мен құқық қорғау органдарында еңбек ететіндер үшін үлкен қолдау. Осындай салаларда еңбек ететіндерге артылар жүктің де ауыр екенін білеміз. Сондықтан Жолдауда еңбекақыны көтеру турасындағы бастамасы бұл салада еңбек ететіндердің материалдық жағдайын жақсартып қана қоймайды, қоғамдық-саяси ахуалды да жақсарта түспек. Сонымен қатар, Жолдауда мұғалімдер мәртебесін арттыру, баланы ерте жастан білімге баулу мәселесіне қатысты ерекше айтылды. Жоғары оқу орындарының ролін арттыру, әсіресе өзара бәсекелестікті қалыптастыру мәселе де биылғы Жолдауда айтылған маңызды мәселелердің бірі.

Шағын және орта бизнесті, оның ішінде отандық тауар өндірушілерді қолдау бағытында да нақты тапсырмалар жүктелді.

Биылғы Жолдаудың тағы бір ерекшелігі — «Өз жеріңді танып біл»  жаңа бастамасы. Жаңа жоба аясында еліміздің барлық өңірлері бойынша жаппай мектеп туризмін қайта жаңғырту көзделген. Сондықтан осы жоба аясында біз ұйымдасқан түрде жұмыстар жүргізетін боламыз. Себебі өскелең ұрпақ еліміздің сәулетті, көрікті жерлерін аралап, танып-білуі тиіс, таным көкжиектерін кеңейтуі керек. Бұл орайда мен биыл облыста жүзеге асырылып жатқан «Бақытты бала» жобасы аясында осы бағыттағы жұмыстар Ақтөбеде басталып кеткенін айтқым келеді. Жазғы демалыстарында ақтөбелік оқушылар еліміздің көрікті жерлерін аралап, саяхаттап қайтты.

Елбасымыздың жыл сайынғы Жолдауы қазақстандықтарға тың серпін береді. Бұл жолы да ел халқының алдына нақты міндеттер қойылды. Біз осы жолда аянбай еңбек ететін боламыз.

     Бұлбұл ЕЛЕУСІНОВА,

облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы.

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button