Әлеумет

Судан сақ болыңыз!

Апат айтып келмейді.

Күнделікті өмірде апатты оқиғалар мен тосын жағдайлардың болып тұратыны белгілі. Адам өміріне орны толмас қайғы алып келетін оқиғалардың алдын алуды баршамыз білуіміз керек.

Жаз мезгілі басталысымен адамдардың суда қайғылы жағдайға тап болуы көбіне таныс емес жерлерге шомылу, не болмаса баратын жеріне тез жету үшін судан кешіп өту, балықшылардың балық аулау кезінде қарапайым ережелерді сақтамауынан да орын алып жатады. Биыл облысымызда осындай оқиғалардан төрт адам қаза болды.

Суда қайғылы жағдайға ұшырамас үшін қарапайым ережелерді сақтау керек, олар:

—    тыйым салынған жерлерде шомылмау;

—    өзіңізге таныс емес жерлерден кешіп өтпеу;

—    шомылып жүрген балаларды қараусыз қалдырмау;

—    шектеу қойылған белгілерден асып суға шомылуға болмайды, суға көпірлерден, жағалаудағы дамбалардан секіруге болмайды;

—    ағысы қатты жерлерде болмаңыз;

—    жалғыз өзіңіз шомылмаңыз;

—    спирттік ішімдік ішіп, суға түспеңіз және қайыққа отырмаңыз;

—    14 жасқа дейінгі балаларға шомылу заттарын қолдануға рұқсат етпеңіз;

—    қараусыз қалған және жарақсыз қайықтарды қолданбаңыз;

Сонымен қатар суға түсу кезінде аяқ-қолдың кенеттен құрысып қалуы жиі болып жатады. Егер қолыңыздың саусақтары құрысып қалса, жұдырық жасап, қолыңызды бір жаққа қарай бірден лақтырып, жұдырығыңызды ашыңыз. Балтыр бұлшық еті құрысқанда бүгіліп, қолыңызбен аяғыңыздың басын құшып, бар күшіңізбен өзіңізге қарай тартыңыз немесе аяғыңызды судың астында созып, аяғыңыздың бармақтарын балтырыңызға тигізуге тырысыңыз. Содан соң балтырыңызды сылаңыз. Санның бұлшық еті тырысқанда, аяғыңыздың сыртқы жағынан толарсақтан ұстаңыз және тізеңізді бүгіп артқа қарай созыңыз. Содан кейін саныңыздың бұлшық етін сылаңыз.

Жеңіс ҚҰРМАНОВ,

төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің

азаматтық қорғаныс іс-шараларын бақылау

бөлімінің  бас маманы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button