Әлеумет

Жұмыс орындары жәрмеңкесі — жазасын өтеп шыққандар үшін

Жұмыспен қамту органдарының қызметі маңызды бағыттарының бірі бас бостандығынан айыру жерінен босап шыққан және анықтау қызметі есебінде тұрған тұлғаларды бейәлеуметтендіру, қоғамға бейімдеу, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстыру болып табылады.

Осы мақсатта Ақтөбе қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің алаңында арнайы бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Шараға қаладағы 40 ірі және орта мұнай, құрылыс, қызмет көрсету, өндіріс саласының кәсіпорындары, басқарушы компаниялар қатысты. Олар 380 бос жұмыс орындарын ұсынды, айлық жалақылары 70-80 мың теңгені құрайды.

Мекемелер аталған тұлғаларға жұмыс орындарын ұсынуға белсенділік танытып отырса, керісінше жұмыс қажет етіп отырған азаматтардың белсенділігі төмен. Олар өз беттерінше жұмысқа орналысып, жалақы көлеміне қанағаттанбай, ұсынылған жұмыстардан бас тартып отыр.

Ал мамандығы жоқтарға еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша — дәнекерлеуші, электрик, аспаз, жүргізуші, тағы басқа кәсіби оқыту ұйымдастырылды.

Биылғы жыл басынан бері 90 тұлға жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылса, оның ішінде квота бойынша тұрақты жұмысқа – 60, әлеуметтік жұмыс орындарына – 10, қоғамдық жұмысқа – 5, жастар тәжірибесіне  – 1, кәсіби оқытуға 14 адам жіберілді.

Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында биыл 11 бос жұмыс орны жоспарланды. Қала тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында жұмыспен қамту бөлімімен өткізілетін бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің кестесі бекітіліп, Ақтөбе қаласы әкімдігінің akimat_aktobe, жұмыспен қамту бөлімінің ozsp_aktobe инстаграм сайттарында жарияланды. Жыл басынан 7 кезекті және 6 мамандандырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Соның ішінде 3 мамандандырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі –  бас бостандығынан айыру жерінен босап шыққан және анықтама қызметі есебінде тұратын тұлғалар үшін белгіленді. Бұған дейін өткізілген 2 мамандандырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің нәтижесімен 18 адам жұмысқа орналасты.

 Н.ДОСОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button