Спорт

Андрей Еськинді еске алды

Ақтөбе қаласында бокстан Қазақстан Республикасының спорт шебері Андрей Еськинді еске алуға арналған 2001-2002 жылдары туған жасөспірімдер арасында IX ашық облыстық бокс турнирі басталды.

Дүбірлі додаға Ресейдің Орынбор, еліміздің Шымкент қалаларынан, сондай-ақ Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарынан 100-ге жуық спортшы бақ сынауда.

Жекпе-жек спорт сарайында ұйымдастырылған турнирдің ашылуында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов және Андрей Еськиннің қызы Анна Еськина қатысушыларға сәттілік тіледі.

— Андрей Еськинді ақтөбеліктер жақсы біледі. Ол біздің өңірімізден шыққан атақты кәсіпқой боксшы. Бокстан бірнеше халықаралық турнирлердің жеңімпазы, Қазақстан халқы Спартакиадасының және Қазақстан Республикасы чемпионатының жүлдегері, Ұлттық құрама сапындағы Азия чемпионатының қатысушысы, екі дүркін Интерконтиненталь Кубогының иегері. Сонымен қатар Славян және ТМД елдері арасындағы чемпионатының жеңімпазы. Кейіннен кәсіпқой боксқа бет бұра бастады. Өзі өмірден өтсе де, спорт тарихындағы аты өшпек емес, — деді облыстық бокс федерациясының вице-президенті Серікбай Бекрахымов.

Айта кетейік, аталған бокс турнирінің жабылуы 29 кыркүйекте өтеді.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button