Мәдениет

Арараттан ескен леп

Армения Республикасының Қазақстандағы елшілігінің, Қазақстан Жазушылар одағы Ақтөбе облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Арараттан ескен леп» атты армян ақындарының антологиясы жарық көрді. Антологияға енген  13 армян шайырының жырларын  «қазақша сөйлеткен»  белгілі ақын, аудармашы Ертай Ашықбаев. Кітап Армения Республикасының Ақтөбе облысындағы Құрметті консулы Гайк Тертерянның демеушілігімен шықты. Айта кету керек, консулдық өкілдері кітапқа енген ақындарды  Армения Жазушылар одағымен бірлесе отырып, іріктеген.

Жексенбі күні С. Бәйішев атындағы облыстық кітапханада антологияның тұсаукесері өтті. Оған Арменияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ара Саакян арнайы келіп қатысты. Қазақстан Жазушылар одағы Ақтөбе облыстық филиалының директоры Бауыржан Өтеулиев өз ұсынысына  қолдау білдіргені үшін елшіге алғыс айтты. Өз кезегінде елші де армян ақындарының қазақ тіліне тәржімалануы үлкен оқиға екендігін болашақта бұл кітапты армян, қазақ, орыс тілдерінде жарыққа шығару жоспарланып отырғанын жеткізді. «Ертай Ашықбаев өз елінің тарихында ғана емес, армян халқының тарихында да қалады…» — деді ол.

Өз тілшіміз.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button