Спорт

«АҚТӨБЕ» МАУСЫМДЫ ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ

Өткен сенбі күні елімізде Супер лига командалары арасындағы чемпионаттың шымылдық ашар ойындары өтті. І турда Қызылорданың «Қайсар» командасын 1:0 есебімен жеңген жерлестеріміз турнир кестесіндегі үшінші орынға орнықты. Голдың авторы — Мұрат Тілешев.

Кездесудің екінші бөлігінің ортасына таяу Андрей Лаврикті өз қақпаларының тұсында шалып жыққан алаң иелері ойын тағдырын шешкен жалғыз голды он бір метрлік қашықтықтан жіберіп алды.

Спорт басылымдары мен Қызылордаға арнайы барған жанкүйерлердің хабарлауынша, алғашқы ойында біздің қақпашы Андрей Сидельниковтың бабы мен бағы қатар шапқан. Қысылтаяң сәттерде тығырықтан шығарған да сол деседі.

Жалпы, жылдың басында Мәскеуде өткен Достастық елдері кубогында қарсыластарын жаңғақша шаққан жерлестеріміз ел чемпионатына нық әзірлікпен келгені рас. Оған маусым алдында Түрік жерінде өткен жолдастық кездесуде ақтөбеліктердің Астанада жаңадан құрылған «Локомотив» командасын ірі есеппен жеңгендігі дәлел.

Ал бірінші айналымның бірінші ойындарындағы өзге кездесулер мынадай есеппен қорытындыланды:

«Оқжетпес» – «Қызылжар» 0:0

«Ертіс» – «Жетісу» 0:2

«Ордабасы» – «Тобыл» 1:1

«Восток» – «Атырау» 2:2

«Тараз» – «Шахтер» 1:0

«Қазақмыс» – «Локомотив» 3:4

«Ақтөбе» (Ақтөбе): Сидельников, Киров, Семенов, Забродин, Кенжесариев, Смақов (к), Асанбаев (Струков 90), Лаврик, Хайруллин (Хохлов 88), Тілешев (Остапенко 73), Головской
Резерв: Ерсалымов, Богомолов, Лисенков, Бойченко

P.S. Біз алдағы уақытта «Ақтөбенің» сапына жаңадан қосылған ойыншылары турасындағы мәліметтерді кеңінен жарияламақпыз. Биылғы маусымда да облыстық басылыммен футбол әлеміне бірге шолу жасайық!

2009 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ОЙЫНДАР КҮНТІЗБЕСІ
(Чемпионат, ҚР Кубогы, ҚР ұлттық және жастар құрамалары, УЕФА турнирлері)

I АЙНАЛЫМ

2-тур

14 наурыз (сенбі)

8. Қайсар — Локомотив
9. Ертіс — Қазақмыс
10. Ордабасы — Жетісу
11. Восток — Шахтер
12. Оқжетпес — Тобыл
13. Қызылжар — Атырау
14. Тараз Ақтөбе

3тур
21
наурыз (сенбі)

15. Қазақмыс — Қайсар
16. Шахтер — Ордабасы
17. Ақтөбе — Ертіс
18. Атырау — Оқжетпес
19. Тобыл — Восток
20. Жетісу — Тараз
21. Локомотив — Қызылжар

22 наурыз 2 сәуір
Қазақстан ұлттық құрамасының жаттығу жиыны

29 наурыз (жексенбі)
2009 — 2011 ж.ж. жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі
Израиль — Қазақстан

1 сәуір (сәрсенбі)
2010 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі

Қазақстан — Беларусь

2 сәуір (бейсенбі)
2009 — 2011 ж.ж. жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі
Қазақстан — Болгария

4-тур
6 сәуір (дүйсенбі)

22. Қазақмыс — Тараз
23. Шахтер — Оқжетпес
24. Қайсар — Ертіс
25. Ақтөбе — Ордабасы
26. Тобыл — Қызылжар
27. Жетісу — Восток
28. Локомотив — Атырау

5-тур
12 сәуір (жексенбі)

29. Ертіс — Локомотив
30. Атырау — Тобыл
31. Ордабасы — Қазақмыс
32. Восток — Ақтөбе
33. Оқжетпес — Жетісу
34. Қызылжар — Шахтер
35. Тараз — Қайсар

6-тур
19 сәуір (жексенбі)

36. Қазақмыс — Восток
37. Қайсар — Ордабасы
38. Ақтөбе — Оқжетпес
39. Ертіс — Тараз
40. Жетісу — Қызылжар
41. Локомотив — Тобыл
42. Шахтер — Атырау

25 сәуір (сенбі)
Қазақстан Кубогы 1/16 финал

7-тур
30 сәуір (бейсенбі)

43. Атырау — Жетісу
44. Ордабасы — Ертіс
45. Тобыл — Шахтер
46. Восток — Қайсар
47. Оқжетпес — Қазақмыс
48. Қызылжар — Ақтөбе
49. Тараз — Локомотив

3 — 6 мамыр

Қазақстан ұлттық құрамасының жаттығу жиыны

8-тур
10 мамыр (жексенбі)

50. Қазақмыс — Қызылжар
51. Қайсар — Оқжетпес
52. Ақтөбе — Атырау
53. Ертіс — Восток
54. Жетісу — Тобыл
55. Тараз — Ордабасы
56. Локомотив — Шахтер

9-тур
15 мамыр (жұма)

57. Шахтер — Жетісу
58. Атырау — Қазақмыс
59. Ордабасы — Локомотив
60. Тобыл — Ақтөбе
61. Восток — Тараз
62. Оқжетпес — Ертіс
63. Қызылжар — Қайсар

19 мамыр (сейсенбі)
Қазақстан Кубогы

1/8 финал, алғашқы кездесулер

10-тур
23 мамыр (сенбі)

64. Қазақмыс — Тобыл
65. Қайсар — Атырау
66. Ақтөбе — Шахтер
67. Ертіс — Қызылжар
68. Ордабасы — Восток
69. Локомотив — Жетісу
70. Тараз — Оқжетпес

27 мамыр (сәрсенбі)
Қазақстан Кубогы
1/8 финал,
қарымта кездесулер

28 мамыр — 11 маусым
Қазақстан ұлттық құрамасының жаттығу жиыны

6 маусым (сенбі)
2010
жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі

Қазақстан — Англия

7 маусым (жексенбі)
2009 — 2011 ж.ж. жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі
Қазақстан — Черногория

10 маусым (сәрсенбі)
2010 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі

Украина — Қазақстан

11-тур
15 маусым (дүйсенбі)

71. Шахтер — Қазақмыс
72. Атырау — Ертіс
73. Тобыл — Қайсар
74. Восток — Локомотив
75. Жетісу — Ақтөбе
76. Оқжетпес — Ордабасы
77. Қызылжар — Тараз

12-тур
21 маусым (жексенбі)

78. Қазақмыс — Жетісу
79. Қайсар — Шахтер
80. Ертіс — Тобыл
81. Ордабасы — Қызылжар
82. Восток — Оқжетпес
83. Тараз — Атырау
84. Локомотив — Ақтөбе

13-тур
27 маусым (сенбі)

85. Шахтер — Ертіс
86. Ақтөбе — Қазақмыс
87. Атырау — Ордабасы
88. Тобыл — Тараз
89. Жетісу — Қайсар
90. Оқжетпес — Локомотив
91. Қызылжар — Восток

2 шілде (бейсенбі)
ЕвроЛига, алғашқы іріктеу раунды, алғашқы кездесулер

9 шілде (бейсенбі)
ЕвроЛига, алғашқы іріктеу раунды, қарымта кездесулер


II айналым


14
тур

92. Ертіс — Шахтер
93. Қазақмыс — Ақтөбе
94. Ордабасы — Атырау
95. Тараз — Тобыл
96. Қайсар — Жетісу
97. Локомотив — Оқжетпес
98. Восток — Қызылжар

15тур

99. Жетісу — Қазақмыс
100. Шахтер — Қайсар
101. Тобыл — Ертіс
102. Қызылжар — Ордабасы
103. Оқжетпес — Восток
104. Атырау — Тараз
105. Ақтөбе — Локомотив

16тур

106. Қазақмыс — Шахтер
107. Ертіс — Атырау
108. Қайсар — Тобыл
109. Локомотив — Восток
110. Ақтөбе — Жетісу
111. Ордабасы — Оқжетпес
112. Тараз — Қызылжар

17тур

113. Тобыл — Қазақмыс
114. Атырау — Қайсар
115. Шахтер — Ақтөбе
116. Қызылжар — Ертіс
117. Восток — Ордабасы
118. Жетісу — Локомотив
119. Оқжетпес — Тараз

18тур

120. Жетісу — Шахтер
121. Қазақмыс — Атырау
122. Локомотив — Ордабасы
123. Ақтөбе — Тобыл
124. Тараз — Восток
125. Ертіс — Оқжетпес
126. Қайсар — Қызылжар

19тур

127. Қызылжар — Қазақмыс
128. Оқжетпес — Қайсар
129. Атырау — Ақтөбе
130. Восток — Ертіс
131. Тобыл — Жетісу
132. Ордабасы — Тараз
133. Шахтер — Локомотив

20тур

134. Жетісу — Атырау
135. Ертіс — Ордабасы
136. Шахтер — Тобыл
137. Қайсар — Восток
138. Қазақмыс — Оқжетпес
139. Ақтөбе — Қызылжар
140. Локомотив — Тараз

21тур

141. Восток — Қазақмыс
142. Ордабасы — Қайсар
143. Оқжетпес — Ақтөбе
144. Тараз — Ертіс
145. Қызылжар — Жетісу
146. Тобыл — Локомотив
147. Атырау — Шахтер

22тур

148. Локомотив — Ертіс
149. Тобыл — Атырау
150. Қазақмыс — Ордабасы
151. Ақтөбе — Восток
152. Жетісу — Оқжетпес
153. Шахтер — Қызылжар
154. Қайсар — Тараз

23тур

155. Тараз — Қазақмыс
156. Оқжетпес — Шахтер
157. Ертіс — Қайсар
158. Ордабасы — Ақтөбе
159. Қызылжар — Тобыл
160. Восток — Жетісу
161. Атырау — Локомотив

24тур

162. Қайсар — Қазақмыс
163. Ордабасы — Шахтер
164. Ертіс — Ақтөбе
165. Оқжетпес — Атырау
166. Восток — Тобыл
167. Тараз — Жетісу
168. Қызылжар — Локомотив

25тур

169. Локомотив — Қайсар
170. Қазақмыс — Ертіс
171. Жетісу — Ордабасы
172. Шахтер — Восток
173. Тобыл — Оқжетпес
174. Атырау — Қызылжар
175. Ақтөбе — Тараз

26тур

176. Локомотив — Қазақмыс
177. Ақтөбе — Қайсар
178. Жетісу — Ертіс
179. Тобыл — Ордабасы
180. Атырау — Восток
181. Қызылжар — Оқжетпес
182. Шахтер — Тараз

Әзірлеген Серік ӘБДІБЕК.

Мақсат — чемпиондық!

Өткен жылы «Ақтөбе» футбол командасы елімізде сарапқа салынған барлық жүлделерді иемденіп, Қазақстан футболының тарихын бір жаңғыртқаны есімізде. Чемпиондық тәжбен қатар Қазақстан кубогын және осы екеуінің үздіктері таласатын Суперкубокты қанжығасына байлаған жерлестеріміз соңғы жүлденің 2009 жылғы иегері ретінде қала береді.

Ал биылғы мақсат қандай? Тыңнан қосылған және легионер ойыншылар қанша? Бұл туралы клуб президенті Сағат Еңсегенұлының пікірін білген едік.

— Биыл да чемпиондыққа таласар азулы командалар аз емес. Мысалы, белгілі бапкер Ваит Талғаевтың қол астындағы «Жетісу», жаңадан құрылған және ылғи жұлдыздар шоғырланған «Локомотив», ежелгі қарсыластарымыз «Тобыл», Қарағанды облысы әкімінен чемпион атану турасында тапсырма алған «Шахтер» командаларының қай-қайсысы да үздік шығудан үміткер.

Әрине, «Ақтөбе» футбол командасына да биыл чемпиондық атақты сақтап қалу жөнінде тапсырма берілді.

Биыл команда құрамы еліміздің чемпионатында жақсы ойындарымен көзге түсіп жүрген Сергей Бойченко, Азамат Ерсалымов, Николай Забродин, Александр Киров, Сергей Остапенко, Мұрат Тілешев, Никита Хохлов және Антон Чичулин сияқты футбол шеберлерімен толықты.

Команда құрамында бес легионер бар. Айта кетерлігі, кездесулерді ұйымдастыру және қаржыландыру деңгейі былтырғыдан кем емес. Сондықтан да ойыншыларға нақты тапсырма беріп, талап қоюға толық қақымыз бар.

Ал табиғаттың біздің өңірге қаталдығына орай алғашқы екі-үш ойынды Асау-Барақ көшесіндегі жасанды көгалда өткіземіз. Ал күн жылыған соң Қобыланды батыр атындағы Орталық стадион футбол сүйер қауым үшін өз есіктерін айқара ашатындығына сендіремін.

Барша ақтөбеліктерді, «Ақтөбе» футбол клубының жанкүйерлерін жаңа футбол маусымының ашылуымен құттықтаймын!

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button