Ауыл

Екі ауданның жаңалығы

 «Туған жерге тағзым»

Бейнебақылау қондырғылары орнатылды

Биылғы жылы Ырғыз ауданында «Туған жерге тағзым» акциясы аясында 122 млн 500 мың теңгеге 52 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бүгінгі күні ауданда 30 жоба іске асырылған. Оның жалпы құны — 30 млн 890 мың теңге.

Атап айтсақ, биыл ауданда «Алтын-Әсел» ЖШС директоры Хамит Өтеуұлының демеушілігімен 5 млн теңгеге Қарақұдық ауылында саябақ салынып, Құмтоғай ауылындағы Ардагерлер үйі жабдықталды. Сондай-ақ ауыл тұрғындары мен қаладағы жерлестердің демеушілігімен 5 млн 300 мың теңгеге тарихи тұлға Жаныс бидің кесенесі мен Жаныс би ауылындағы үлкен қорым қоршалды.

«Старт» күзет фирмасының директоры Арман Тәңірбергенов 2 млн теңгеге Ырғыз аудандық орталық ауруханасына бейнебақылау қондырғылары және өрттен сақтандыру құралдарын қондырса, демеушілердің көмегімен 500 мың теңгеге Ырғыз ауылының орталық саябағына Мемлекеттік Туға тутұғыр орнатылды.

Қазіргі уақытта 13 жоба іске асырылуда, оларға 21 млн 195 мың теңге қаржы жұмсалған.

Нәтижесінде ауданда 43 жоба бойынша 52 млн 85 мың теңгенің жұмысы жасалған.

Сондай-ақ биыл ауданда өткізілген жерлестер форумы аясында белгілі кәсіпкерлер жалпы құны 100 миллион 650 мың теңгені құрайтын 5 меморандумға қол қойды.

Шара аясында аудандағы белсенді кәсіпкерлердің бірі Ибрагим Сәрсенбаев

балалар үйінде тәрбиеленген, ата-ана қамқорлығынсыз өскен жас отбасыларға арналған 7 пәтерлі «Қамқор» үйін пайдалануға берді. Жоба құны — 47 миллион теңге.

Саябақ салынып, жолдар жөнделуде

Биыл аталған акция аясында  Шалқар ауданында 226 млн 764 мың теңгені құрайтын 26 ірі жоба және 10 млн 144 мың теңгені құрайтын 30 кіші жоба, барлығы 236 млн 904 мың теңгені құрайтын 56 жоба жоспарланған.

Бүгінге дейін 58 млн 750 мың теңгені құрайтын 13 ірі жоба және 18 млн 286 мың 180 теңгені құрайтын 33 кіші жоба орындалды. Аяқталған жобаның жалпы мөлшері — 77 млн 036 мың 180 теңге.

Акция бойынша ауданда жеке кәсіпкер Данияр Қобыландин жалпы құны 75 млн теңге болатын 2,5 шақырымдық қала ішіндегі автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда аталған жоба бойынша 35 млн теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қазан айында автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары толық аяқталады.

Сонымен қатар жеке кәсіпкер Қ.Мупиков аудан орталығындағы Питомник көшесінде «Ақтілек» ойын алаңын салып берді. Жоба құны — 1,7 млн теңге.

Жеке кәсіпкер С.Аманбаев жалпы құны 700 мың теңге болатын Северный көшесі бойына  балалар жүретін жол салып беруде. «ШБ» шаруа қожалығының төрағасы Б.Шаңбатыровтың демеушілігімен Бозой ауылдық округінде ауыл тұрғындарына арнап жалпы құны 30 млн теңгеге саябақ құрылысы жүргізілуде. Саябақ қараша айында пайдалануға берілмек.

Бүгінгі күні Қауылжыр ауылдық округінде жалпы құны 1 миллион 960 мың теңгені құрайтын саябақ құрылысы басталды. Қазан айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.Сондай-ақ Кішіқұм ауылдық округінің орталығы Шілікті ауылында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сәрсенбай Құсайынның демеушілігімен жалпы құны 300 мың теңгені құрайтын «Құт мекенім — Кішіқұм» стелласы орнатылды. Сонымен қатар Есет Көтібарұлы ауылдық округінің Байқадам ауылында Шалқар-Бозой көтерме жолының бойынан жолаушыларға ауылды таныстыратын мәрмәр тастан тақта орнатылуда. Жоба құны — 2 миллион теңге. Аталған тақта биылғы жылдың қазан айында ашылады деп жоспарлануда, — дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қорғанбек Исаев.

Данагүл ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button